109
Өкпеден басқа аталған барлық мүшелер
ауажолдары
деп аталады. Олар
ауаны өкпеге жеткізу үшін және оны барынша қауіпсіз ету (жылыту
не салқындату, шаң-тозаң мен микробтан тазарту) үшін қажет. Өкпеде
оттектің қанға түсуі, қаннан көмірқышқыл газының шығарылуы жүзеге
асырылады.
өкпедегі газ алмасу.
Ауа өкпеге бронхылар бойынша енеді. Бронхио-
лалар өкпе көпіршіктері –
альвеолалар
арқылы аяқталады (59-сурет).
Әрбір альвеола қан капиллярлары торымен шырмалған. Оларда вена
қаны көмірқышқыл газынан арылады. Ол оттекпен қанығып, артерия
қанына айналады.
Гемоглобин көмірқышқыл газын беріп, оттекті қосып алады. Газ ал-
масу альвеола қабырғасы және вена капиллярлары арқылы жүреді. Аль-
веолалар өкпе бетінің ауданын ұлғайтып, ұяшық тәрізді жасайды, ол
ар қылы газ алмасу жүзеге асады.
Қан оттекпен қаныққан соң өкпеде болған ауаның құрамы өзгереді.
Атмосфера ауасын да (тыныс алғанда) 78,09% азот, 20,95% оттек, 0,03%
көмірқышқыл газы және басқа газдар болады. Өкпе арқылы өткен кезде
59-сурет.
Тыныс алу жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: