А. Т. Аязбаева имидж технологиясы монография



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата09.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#196114
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
КІРІСПЕ 
 
Постиндустриалды типтегі қоғам қалыптасуының қазіргі заман 
жағдайында кәсіптік қызметте белгілі бір нәтижелерге жету субъектінің 
жағымды имидждің артықшылықтарын пайдалануы барысында ғана мүмкін 
болады. Бұл талап қызмет субъектісінің тұлғалық ерекшеліктеріне ғана емес, 
сонымен қатар жекелеген фирманың, зауыттың, кәсіпорынның сипаттарына да 
қатысты болып табылады.
Қызметтің сан алуан түрлеріне қойылатын кәсіптік талаптар еңбек пәніне, 
мақсаттарына және еңбек шарттарына қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл 
ерекшеліктер маманның кәсіби қызмет жүйесіндегі кәсіби имиджіне өз 
талаптарын қоса жүктейді. 
Бүгінгі күні қалыптасқан түсініктерге сәйкес имидж тұтынушының 
санасында қандай да бір бейненің қалыптасуына ықпал ететін басты 
құралдардың бірі болып табылады, басқаша айтқанда, ол – қандай да бір елде 
немесе ұйымда адамды даңқ биігіне көтеретін механизм.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа 
онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 
атты Қазақстан халқына Жолдауында (2010 жыл 29 қаңтар) «Бізге мыналарды 
атқару керек: ...адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 
болашаққа белсенді инвестициялау» деп атап көрсетті.
Осыған байланысты кәсіпқойлар қазақстандық қоғамда болашақ 
маманның тұрақты түрдегі жағымды имиджін қалыптастыру бойынша 
атқарылатын істер айрықша өзекті болып отырғанын жете түсінді. Елбасы 
өзінің әкімшілік реформалар туралы сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік 
қызметкерлердің арқасында бүгінгі күні Қазақстан мақтана алатын нәтижелерге 
қол жеткізді. Егер мемлекетті ірі корпорация деп қабылдайтын болсақ, онда 
оның менеджерлерінің іскери абырой-беделі ең маңызды капитал болып 
табылады» - деді [1].
Елбасы Н. Назарбаевтың тарапынан имиджді қалыптастыру рөліне 
берілген бұл баға, біздің ойымызша, имиджелогия саласында ғылыми 
зерттеулерді ары қарай жалғастыра берудің әдіснамалық негізі болып 
табылады.
Ғылыми әдебиеттерде «имидж» ұғымы соңғы онжылдықта қоғам 
назарына ілігіп, қарқынды зерттеле бастады. Термин алуан түрлі мағыналарда 
қолданылады: адамға қатысты болса, жеке имидж, ұйымға қатысты болса, 
корпоративтік имидж, кәсіпке қатысты мұғалім имиджі, әлеуметтік рөліне 
қарай саяси қызметкер имиджі және т.с.с. Имидж мәселелерін зерттеу бүтіндей 
бір бағытқа тоғысып, нәтижесінде «имиджелогия» деген жалпы атауға ие
болды. Имидж теориясы оны қалыптастыру механизмдерін, оның іске асу 
технологияларының мәнін, яғни қоғамдық санада ол туралы ұғымның 
қалыптасуын түсіндіреді. Имиджелогия теория ретінде әлеуметтану, 
әлеуметтік психология, мәдениеттану, философия және саясаттану сияқты 



ғылымдардың тоғысқан жерінде дамиды. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда 
елдің жағымды имиджіне деген талаптар үздіксіз артуда. Мұны қоғам өмірінде 
ақпараттық технологиялардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Имидж 
кәсіпқой-имиджмейкерлер тарапынан аудиторияға мақсатты түрде ықпал 
етудің нәтижесі ретінде толыққанды ақпараттық өнім болып табылады.
Бүгінгі таңда елімізде кәсіби имиджелог қызметкерлердің жаңа буынын 
дайындау қажеттігі байқалады. Ғылыми қауымдастық олардың кәсіби 
білімдерінің тереңдеуіне және құзырлылықтарының көтерілуіне қызығушылық 
танытуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет