А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет38/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
4.
 
МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІН БӨЛУ ӘДІСТЕРІ 
ЖӘНЕ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ 
Әртүрлі кенорындарының мұнайлары құрамы және қасиеттері бойынша 
өзгеше болуы мүмкін. Мұнайлардың химиялық және фракциялық құрамын 
зерттеу мұнай өңдеудің барынша тиімді кешенін таңдауға, оларды 
модельдеуге, мұнай өңдеу қондырғыларының қуатын негіздеуге, мұнай 
генезисі жайлы ұғымды дамытуға және мұнай геологиясының мәселелерін 
шешу үшін өте маңызды. 
Күрделі қоспаларды бөлудің және талдаудың заманауи физика-
химиялық әдістері техникасының дамуы мұнайдың элементтік құрамын 
анықтау мен фракцияларға бөлуден мұнай фракцияларының топтық және 
жеке көмірсутекті құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Газдың және бензин 
фракциясының (С
10
дейін) жеке көмірсутекті құрамын зерттеуге мүмкін 
болды, керосинді және газойлді фракциялардың көмірсутектері (С
20
дейін) 
топтарға және компоненттерге бөлінді. Жоғары молекулалы фракциялардан 

21
және одан жоғары) әзірге кейбір жеке қосылыстар бөлініп алынды. 
Құрамындағы көмірсутектерді бөлу арқылы мұнайдың құрылымдық 
фракцияларының қайнау температураларын, молекулалық массасларын 
анықтайды, сонымен қатар оның диспергирленген көмірсутектерін бөледі. 
Мұндай бөлу әдістері мұнай мен газдың құрамындағы қосылыстарды талдау 
жасауда, содан кейін өндірістік өңдеу технологиясында қажет емес заттардан 
арылу үшін қолданылады. Мұнайды және оның өнімдерін талдауды 
жеңілдету үшін көмірсутектік және гетероатомдық компоненттерді алдын-
ала бөлудің әртүрлі әдістері қолданылады.
Мұнай мен газдың компоненттерін бөлудің химиялық және физикалық 
әдістері белгілі. Химиялық әдіс бөлінетін компоненттердің әртүрлі 
реакциялық қабілеттеріне негізделген, ал физикалық әдіс (физика–химиялық 
әдістер деп те атайды) көп компонентті жүйе мен бір фазалы жүйенің 
концетрацияларының айырмашылығына негізделген (кесте 4.1). 
Физикалық әдістерді шартты түрде жай және күрделі деп бөледі. Жай 
физикалық бөлу әдістері деп шартты түрде белгілі бір бір фазада орналасқан 
бөлінетін көмірсутектердің концетрацияларының өзгеруі тек олардың 
жүйесіне энергияның әсер етуі арқылы жүзеге асатын бөлу әдісін атайды. Ал, 
күрделі физикалық бөлу әдістері деп – фазалар құрамының айырмашылығын 
арттыратын қосымша белгілі агенттер (селективті еріткіш, адсорбенттер және 
т.б.) қатысында жүзеге асатын әдістерді атайды. Физика–химиялық әдістерге 
сонымен қатар, әртүрлі хроматографиялық бөлу әдістерін де жатқызады. 
Мұнайдың құрамын зерттеу жұмыстарының 50 жылдық тәжірибесінің 
нәтижесінде арнайы әдістемелер шығарылды. Алдымен, мұнайда еріген 
газдардың құрамын және мөлшерін (С
4
-ке дейін газдар) анықтайды, сонан 
соң оларды сусыздандырады және тұзсыздандырады, негізгі константыларын 
(тығыздығын, 
сыну 
көрсеткішін, 
молекулалық 
массасын, 
әртүллі 


52 
температурадағы шығымын, қаныққан булар қысымын, парафиннің 
мөлшерін, шайырлар мен асфальтендердің элементтік құрамын) анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет