А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет47/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   153
Байланысты:
S4

таралымдық 
деп 
аталады. Егер қозғалмайтын фаза анықталатын құрылымды адсорбциялауға 
бейім қатты зат болса, онда оны 
адсорбциялық
хроматография дейді. 
Фазаның агрегаттық күйіне, өзара әрекеттесу түріне және аппаратуралық 
жабдықталуына қарай хроматографиялық әдістерді жіктеуге болады. Түрлі 
құрамдас бөлікті жіктеп, оларды жеке бөліп алуға мүкіндік беретін 
хроматографиялық әдістері бар. 


64 
Хроматографиялық жүйеде зерттелетін сынаманы енгізу режиміне қарай
фронтальды, шаймалы және ығыстырушы хроматография деп бөлінеді. Ал 
одан кейін құрамы әр түрлі қоспа ерітіндісін жіберу уақыты мен көлеміне 
қарай жүріп жатады. 
Қоспа ерітіндісі хроматографиялық бағанаға үздіксіз жеткізіліп тұрса, 
мұндай әдісті фронтальды дейді. Бұл жағдайда хроматографияның бастапқы 
кезінде ғана нашар сорбцияланатын құрылымдық бөлімді таза күйінде тек 
бастапқы уақыт аралығында мейлінше аз сорбцияланған құрамдас бөлікті 
бөліп алуға болады. Тамшылы – шаймалық әдісте үлгіні шаймалап алынған 
ертінді қозғалысты фаза ағымына енгізеді. Бағана бойымен жылжу кезінде 
қоспа құрылымы белгілі бір сақиналы аймақтарға бөлінеді, оларды не толық 
күйінде не жеке күйінде бағананың шүмегін ашып – жабу арқылы бөлінеді. 
Ал ығыстырушылық әдісте үлгіні енгізіп, активтілігі нашар шаймамен 
алдын ала бөліп алғаннан кейін, шайма құрамына дұрыс сорбцияланатын 
құрылымды немесе қозғалыссыз фазамен салыстырғанда талданатын қоспа 
құрамындағы барлық құрылымдар үшін әсерлі затты қосады. Мұндай қасиет 
нәтижесінде жаңадан қосылған шайманың сыбағасын қозғалыссыз фазамен 
адсробцияланатын қабілеттің өсуіне орай, талданатын қоспаның құрамдас 
бөлікті біртіндеп ығыстырады, әр құрамдас бөлік жеке аймақ түрінде 
болуына аралас жүруі мүмкін. 
Сондай–ақ сұйықтық хроматографияда шайманы изо – есептеу және 
градинатты рет бойынша береді. Бірінші жағдайда, шайма құрамы өзгеріссіз 
қалады, ал екігшіде белгілі бағдарлама бойынша өзгеріп отырады. Ал одан 
кейін құрамы әртүрлі қоспа ерітіндісін жіберілетін уақыты мен көлеміне 
байланысты алуға болады. 
Қазіргі кездегі әлемдегі елдердің түрлі фирмалары хроматографтардың 
сан алуан түрлері мен типтерін көтеп шығаруда. Олардың саны мен типтері 
талдау химиясына арналған басқа құрылғылардан асып түсуде. Өйткені 
хроматографиялық талдау әрбір ғылым салаларында, өндірісте, заводтарда, 
цехтарда кең орын алып отыр. 
Кейбір жағдайларда қарапайым бөлу және талдау жасау үшін аса 
күрделі хроматографиялық қондырғының қажеті жоқ. Жұқа қабатты, қағазды 
және басқа да түрдегі хроматография әдістерін пайдаланып қоспаның негізгі 
компоненттерін анықтауға болады. 
Хроматографиялық әдіс ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарда, 
биологияда,медицинада, химияда, мұнай химиясында, мұнай және газ өңдеу, 
фармацевтика саласында және халық шаруашылығының басқа да саласында 
кеңінен қолданылады. Оны кибернетикада технологиялық процестерді 
автоматтандыру үшін де қолдана бастады. 
Хроматографиялық әдістің кәзіргі кездегі кең таралған адсорбциялық, 
ион алмастырғыш, тұндыру, таралу, тотығу-тотықсыздану, комплекс түзуші 
сияқты түрлері белгілі. 
Адсорбциялық хроматография
қатты ұнтақ адсорбенттің қоспадағы 
жеке компоненттерді таңдап адсорбциялануына негізделген. 


65 
Тұндыру хромотографиясын
алғаш рет 1948 жылы Е.Н. Гапон және
Т.Б. Гапон ұсынған. Бұл әдіс иониттің құрамына кіретін тұндырғыш пен 
тасушының қоспасымен зерттелінетін заттың әрекеттесуіне негізделген. 
Нашар еритін қосылыстардың бірінен соң бірін фракциялап тұндыру арқылы 
бөлуге болады. 
Таралу хроматографиясы
екі араласпайтын сұйықтар арасында 
заттардың таралуына негізделген. Бұлар экстракция заідылықтарына 
бағынады. 
Заттың бір-бірінде араласпайтын екі сұйықтық арасында таралуының 
негізі заңы мына формуламен өрнектеледі. 
/
p
o
b
K
C
C

мұндағы, К
Р
– таралу коэффицентті (тұрақты шама), C
о 
және C
b
– сулы және 
органикалық ерітіндідегі анықталатын компоненттің концентрациясы
моль/л. Тәжірибеде органикалық және сулы ерітінділерді жиі қиыстырып 
қолданады. 
Тотығу-тотықсыздану хроматографиясын 
алғаш рет 1960 жылы К.М. 
Ольшанова ұсынған. Хроматографияның бұл түрінде компоненттерді бөлу 
зерттелінетін иондар мен колонкадағы заттар арасындағы тотығу-
тотықсыздану процестерінің жылдамдықтарының әртүрлілігіне негізделген. 
Иондарды бөлу мүмкіндігін тотығу-тотықсыздану потенциалдарының 
шамасы бойынша тауып, осыған сәйкес зерттелінетін иондардың 
колонкадағы затпен реакциясының бағытын анықтайды. 
Адсорбциялы-комплекс түзуші хроматография
түзілетін комплексті 
қосылыстардың тұрақсыздық константалар шамасының әртүрлілігін 
пайдалануға негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет