Байланысты: Амангелдіқызы А. Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру
«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі-саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.Біздің мақсатымыз айқын,бағытымыз белгілі,ол-әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу.» Елбасы Н.Ә.Назарбаев
«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр,жаңа тарихи кезең басталды.Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ,көш басындағы елдермен тереземізді теңеп,иық түйістіру мүмкін емес.Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып,заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде?Меніңше, басты кемшілігі-олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында.Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.Жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу.Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.»