77
жүректеріміз ұшып кете жаздайды», – деп шағым айтады. Сонда
Хасан әл-Басри оған: «Саған қорқыныш-үрейге түспеуің үшін
тыныштандырғаннан, (Ақыретте) амандыққа жетуің үшін
қорқытқан жақсырақ», – деп жауап берген екен.
Имам әл-Ғазали (Аллаһ оған рақым етсін): «Қиямет күні
дүниеде (қорқыныштарды) көп ойлағандардан өзгелер қорқыныш
пен үрейден сау қалмайды
1
. Расында, Аллаһ бір пенденің бойына
екі қорқынышты жинамайды
2
», – деген.
Бұл дүниеде бейғам болып, Ақыретте сасқалақтағаннан, бұл
дүниеде сақ болып, Ақыретте аман болғанымыз қайырлы емес
пе?!
Имам
әл-Ғазали
сөзін
жалғастырып:
«Бұл
жердегі
қорқыныштың мақсаты – (оның әсерінен) көзден жас ағып, біраз
уақыт қана жүрек үрейленіп, сосын қайтадан баз баяғы ойын-
күлкіге оралып отыратын жүрекке түсетін әйелдердің нәзіктігі
сияқты нәзіктік емес
3
, керісінше, бұдан да сорақысы егер біреуге
Ақырет жағдайлары немесе Қиямет күнінің ахуалдары не
болмаса өлілердің және қабір азабының жағдайлары айтыла
қалса, оның: «Аллаһ сақтасын!» – деп іс-әрекетсіз қол қусырып
отыра беруі. Мұндай адам бейне бір соңына жыртқыш аң түскен
шөлдегі кісінің кейпін келтіреді. Ізіне жыртқыш түскен бұл адам
бір қамалға жетіп, қақпаның алдында тұрып алып: «Мен мына
қамалға, оның берік қорғаны мен биік ғимаратына кіріп, мына
жыртқыштан паналаймын», – дейді де еш әрекетсіз, қозғалмай
сол орнында отыра береді. Оның бұл айтқаны оған пайда бере
ме?! Бұл Ақыреттің ахуалдарын және өлім мен қабірдің
жағдайларын естіп, Аллаһтан пана сұрайтын, содан соң қайтадан
Достарыңызбен бөлісу: