Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ауф ибн Мәликке (Аллаһ оған разы
болсын):
«Қияметтің алдында алты нәрсені сана: ...сосын мал-дүниенің артуын, тіпті (сонда)
бір кісіге жүз динар ұсынылса да, ол (азырқанғандықтан)
ашуланып қалады...» , – деп
айтқан.
Бұл мағынада басқа да көптеген хадистер келген, солардың
бірі Әбу Мұса (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Адамдарға сондай бір заман келеді, сонда кісі алтыннан болған садақасымен (адамдар)
арасында айналып жүріп, оны алатын ешкімді таба алмайды» , – деген
1
.
Мүміндердің әділетті халифасы Омар ибн әл-Хаттабтың
(Аллаһ оған разы болсын) кезінде сол кездегі ең ірі екі мемлекет
– Парсы патшалығы мен Рим империясының байлықтары
мұсылмандардың қолына өткен.
Мұсылмандардың тағы бір әділетті әміршісі Омар ибн Абдул-
Азиздың (Аллаһ оған рақым етсін) тұсында садақа алатын адам
табылмай қалған-ды. Сол сияқты Иса (аләйһис-сәләм) жерге
түсіп, имам Мәһди билік жүргізген кезде де осылай болады.