Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет40/514
Дата23.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#128123
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   514
Байланысты:
Ақырет-өткелдері

«Аллаһтың  саған  берген
 
(дәулетімен) 
Ақырет  мекенін  ізде.  Сондай-ақ  дүниедегі 
несібеңді де ұмытпа»
1
, – деп Құранда ашық айтып нұсқау берген 
нәрседе біздің орынсыз ойларға еруіміздің қажеті қаншалық?! 
Әрине,  шын  мәнінде  де,  осы  тепе-теңдікті  бұзып,  біржақты 
түсінікпен,  Исламның  тура  жолынан  ауытқыған  адамдар  мен 
жамағаттар баршылық. Әлбетте, біз оларды құптамаймыз. 
2.  Ақыретті  танып-білудегі  біздің  тағы  бір  қажеттілігіміз  – 
өзіміз  білмейтін  (ол  күн  туралы)  мағлұматтарды  оқып-білу, 
олармен  танысу.  Адам  баласының  жаны  білмеген  нәрсесіне 
күйгелек  келеді.  Әсіресе  ол  болашақта  өзін  не  күтіп  тұрғанын 
білмесе...  Мысалы,  болашақтан  үміті  жоқ  пендеге  көз  салайық. 
Ол  үмітсіздігінің  кесірінен  түрлі  жаман  әдеттерге  бой  алдыруы 
мүмкін.  Тіпті  өз  болашағын  білгісі  келіп,  жұлдызнамаларға 
жүгініп,  бақсы-балгерлерге  немесе  астрологиялық  болжамдарға 
ұрынады.  Мұның  соңында  өзін  аздырған,  жанын  жегідей  жеген 
түпсіз,  тұңғиықсыз  қиялдар  мен  ойларға  душар  болады.  Соңыра 
уақыт  өте  келе,  өкініштен  басқа  ештеңеге  де  қол  жеткізе 
алмайды... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет