Әуезелеуші – айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда
болған істі әңгіме қылатын адам.
Баяндаушы – жазушының сөзі, ал баяндаушының бейнесі (өзін автор
ретінде көрсететін) – жазушының әдеби артистизмінің формасы. Онда
автордың бейнесі өзі жасаған сахна бейнесіндегі актердің бейнесі сияқты
қарастырылады.
Білім – болмыстың объективті қасиеттері мен белгілерінің адам
санасында бейнеленуі, нәтижелерінің когнитивті ұйымдастырылуының базалық
формасы. Жадтың бір бөлігі, санада сақталатын мәліметтер.
Дискурс (фр.discours) – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде,
дискурс дегеніміз – уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра,
көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада,
дискурс деп қандай да болмасын
мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам,
әдеби образ.
Коммуникация – латын тілінен аударғанда «ортақ атқару», «хабарлама»
деген мағына беретінін атап көрсетеді: «Кез келген коммуникацияның екі қыры
болады. Мәселен,
хабар таратушы – хабар алушы, жазушы – оқушы, сөйлеуші – тыңдаушы, продуциент – реципиент, адресант – адресат .
Концептуалды қызмет – тілдік субьектілердің сөз қолданыстарының
деңгейіне байланысты атқарылады.
Конститутивті қызмет – тілдік жағдаятқа байланысты жүзеге асады.
Көркем мәтін – коммуникация формасы, оған байланыс, белгі (код),
меңгеру, тезаурус, дүниетаным, коммуниканттардың әлеуметтік, тарихи,
4
ұлттық ерекшеліктері, интенцияның (мақсат, дәлел, себеп) коммуникативті-
прагматикалық қарым-қатынас талаптарына сәйкес келуі жатады.