Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет86/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Фараби, Бейбарыс, 
Абылай, Абай, Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс
сияқты ұлы тарихи тұлғалардың 
атын 
қоюымен 
салыстыруға 
болар 
еді. 
Перзентіне 
даналығымен, 
білімпаздығымен, ақылдылығымен, батырлығымен аты шыққан даңқты 
бабаларымыздың есімін қою, әлбетте, құптарлық жайт. Бұл адамның есімі оның 
тағдырына да өз әсерін тигізеді деген сенім тұрғысынан да жағымды әсер 
қалдырады.
Алайда өзінің туған жерін жаудан қорғау үшін атқа қону бар да, өзгенің 
жеріне көз аларту бар. Өз халқының намысын қорғау бар да, жазықсыз 
жандардың қанын төгіп, өзге елдің обалына қалу бар. Бұл тұрғыдан алғанда 
Наполеон 

шексіз билікке ұмтылып, талай елдің тарихында қанішер ретінде 
қалған, ең «жұмсартып» айтқанда жағымсыз адам.
Көшбасшы ретінде қарастырсақ, оның жекелеген тұлғалық қасиеттерін 
(мақсатқа ұмтылғыштық, табандылық, ержүректік т.б.) үлгі тұтуға да болар еді, 
алайда жат елдерді жаулаушы, қолбасшы ретінде қарастырсақ, әлбетте, оны ең 
алдымен қанішер, жауыз ретінде танимыз. Сонда қазақтың өз жерін, өз елін 
жаудан қорғаған батырларын қадірлеп, құрмет тұтуы мен өзгенің 
«қолбасшысын дәріптеуі» таяқтың екі ұшы сияқты ешқашан бірікпейтін, 
үйлеспейтін дүние болып шығады.
Француз есімін қойғаннан қазақ баласы еуропалық болып кетпейді... Қай 
қырынан алсаңыз да, ол – қазақ, оның бойындағы қаны қазақ, қара көзі де 
қазақтікі... Сондықтан оның жаны да, рухы да қазақы болуы тиіс! Бұл – 
дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат, аксиома! Өкінішке орай, мұндай 
«мәңгүрттік» деген кесел қазақ арасында әлі күнге дейін кездеседі. Мұның 
тамыры өте тереңде жатқандықтан, оның салдарымен мемлекеттік деңгейде 
күресу керек. Қазақтың өткені мен бүгінін жалғау арқылы келешегіне де сара 
жол салынады. Сондықтан тарихымыздағы атақты кісілердің есімдерін, 
олардың ел үшін атқарған өлшеусіз қызметін дәріптеп, өскелең ұрпақтың 
санасына құю керек. Өзіне сондай даңқты тұлғалардың есімі қойылғанын әр 
бала мақтан тұтатындай деңгейге жеткізуіміз қажет. Бұл үшін социумдағы 
тілдік сана мен когнитивтік сананың арасын жалғайтын аялық білімді 
толықтырудың маңызы зор.
Балаларымызға ешқандай пайдасы жоқ, мағынасыз компьютердік 
ойындарды ойнағаннан гөрі тағылымы мол тарихи туындыларды көрудің 
берері мол екені мәлім. Сондықтан әрбір ата-ана ұрпақ тәрбиесіне осындай 
жауапкершілікпен қарауы керек. Осы жерде ойымызға еріксіз оралатын, 
заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді 
түзе» деген сөзі ұлттық ұранымызға айналуы тиіс!
Сонымен көркем мәтінге түсіндірме беру барысында лингвокогнитивтік 
сипаттағы тілдік деректердің берері мол. Себебі, автордың прагматикалық 
ұстанымына сәйкес әрбір тілдік таңбаның астарында қатталған білім түрлерін 
тани, анықтай және түйсіне білу үшін оқырманға міндетті түрде аялық білім 
керек. Ол аялық білімді құрайтын компоненттер өте көп, солардың ішінде қазақ 


117 
қаламгерлерінің шығармаларын талдағанда, әсіресе, діни танымдық және 
мифологиялық түсініктердің семиотикалық кілтін ашудың маңызы зор.
Лингвистика ғылымын дамытудың қазіргі кезеңі ұлттық мәдениет пен 
тілдің өзара байланысты дамуының күрделі үдерісін көрсететін тілдік 
бірліктерге деген қызығушылықтың күшеюімен сипатталады. Ондай тілдік 
бірліктер авторлардың, жалпы сол тілде сөйлеушілердің когнитивті базасының 
құрамдас бөлігі бола отырып, кең ассоциативті әлеуетке ие болады және 
сөйлеудің экспрессивті-эмоционалды, образды етеді. 
Қазіргі таңда тілдік тұлғаның өмірде көрген-түйгені, отбасында алған 
тәрбиесі, қоршаған ортаға деген көзқарасы 
автордың аялық білімі
деп аталады. 
Аялық білімге қатысты отбасы, тәрбие, қоғамның түрлі құбылыстары, ұлттық 
салт-дәстүр, діл мен дін, мәдениет пен болмыс мәселелері сияқты қазақтың 
сипатын танытушы бұл ұғымдар автордың тілдік білімімен ұштасып, көркем де 
мазмұнды шығарма туғызады. Сайып келгенде, автордың көркем шығармадағы 
бейнесі арқылы тілдік тұлғаның рухани әлемі, ойлау өрісі, аялық білімі көрініс 
табады.
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келе, мынадай тұжырымдар жасауға 
болады. Көркем әдебиеттің айрықша белгісін суреткер шығармашылығының 
даралық ерекшеліктері құрайды. Ол ерекшелік тілдік категориялар жүйесінде 
көрініс табады. Ол категориялар өзара байланыса және мазмұнмен біріге 
отырып, біртұтас бүтінді құрайды. Осы категориялар ұлттық ерекшеліктерді 
тасымалдаушы, жеткізуші болып табылады.
Көркем мәтін 

аса күрделі құрылым. Оны толық қабылдау, түйсіну 
тұлғаның мәдени деңгейіне, оның аялық білімдеріне байланысты, тікелей 
тәуелді болады. Көркем мәтінге түсіндірме беру, ондағы берілген кодын ашу 
жеткізілім құралдары мен олар арқылы жеткізілетін мазмұнның арақатынасына 
талдау жасауды қажет етеді. Бұл да 

өте күрделі құбылыс. Ал көркем әдебиет, 
бір жағынан тілдік білім алудың қайнар көзі болса, екінші жағынан, тұлғаға 
ықпал ететін аса қуатты құрал, оны ойлауға және талдау жасауға итермелейтін 
фактор болып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет