Клиникасы: негізгі клиникалық белгісі – ҚАН КЕТУ – 1/3 әйлдерде – жүктіліктің 30 аптасына дейін, 1/3 – 32-35 аптада, қалған 1/3 бөлігінде – жүктіліктің 35 аптасынан кейін. Жүктіліктің соңғы айларында, босану кезінде қан кету жатырдың төменгі сегментінен бөлуіне байланысты. Жүктілік кезінде жатыр бұлшық еттері, сонымен қатар төменгі сегмент тұсында жатыр бұлшық еттері созылып, тартылады, ал плацентаның созылып тартылу қасиеті жоқ, сондықтан бір бірімен қиылыспаған екі жазықтық (төменгі сегмент және плацента) жылжып, плацента бүрлері жатыр қабырғасынан ажырап, екі ара ашылып, жатыр қан тамырларынан қан кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |