709 жылыБұхараны соғыссыз алған, 714 жылы Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасаған араб қолбасшысы: Кутейба ибн Муслим.
715 жылыбилік үшін тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, билікке келген: Сұлу қаған.
Сұлу қағанның билік құрған жылдары: 715-738 жылдар.
Сұлу қаған кезінде Түргеш қағанатының орталығы болған қала: Талас (Тараз).
Сұлу қаған Түргеш мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрес жүргізді: үш жақта:
v Батыста – араб шапқыншылығы.
v Шығыста – Қытай мемлекеті.
v Солтүстік-шығыста – Шығыс Түрік қағанаты.
717 жылы Сұлу қағанның барып қайтқан елі: Тан империясы.
Сұлу қағанға шығыстағы саяси жағдайын түбегейлі жақсатуға мүмкіндік берді: Шығыс Түрік қағанымен, Тибет патшасымен құдаласуы.
Сұлу қаған шығыстағы саяси жағдайын дұрыс жолға қоюға тырысқан: Құдандалық арқылы.
Сұлу қағанарабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың (Самарқан, Бұқара, Шаш, Ферғана тұрғындары) күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты.
720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен Сұлудың әскербасы: Күли шор.
737 жылы Тоқарыстанда Сұлу қағанмен бірігіп арабтарға ойсырата соққы берді: қарлұқтар.
738 жылыСұлу қағанНавакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болды.
Арабтардың Сұлу қағанға берген атағы (атауы): «Сүзеген», «мүйізді қаған» («Әбу Музахим»).
Сұлудан кейін қаған болған оның баласы: Тұқарсан Құтшар.
v Оның қағандық құрған мезгілі бір-екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасында талас-тартыс ушығып кетті. Ішкі талас-тартыстан қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсірейді.
Қытай әскерлері Суябтыжаулап алды: 748 жылы.
751 жылы Атлах қаласының жанында арасында үлкен шайқас болды: Арабтар мен қытайлар арасында.
Атлах шайқасының үлкен тарихи маңызы болды, себебі Қытай әскерлері Жетісу жерін тастап кетуге мәжбүр болды.
|