33-сурет
Шығармашылық қиял туындылары—сфинкс және кентавр.
К. Э. Циалковский- менің ғарышқа сапар шегу талабым фан-тастикалық шығармаларды оқудан пайда болды. Ынта
соңынан акыл-ой әрекеті туды. Егер ғылым тарапынан көмек келмегенде, тек ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар еді,—
дейді. Қазақ халқы-ның ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар, желаяқ тәрізді басқа да кереметтер
жөніндс қиялғажайып ертегілер туғызды. Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде нақты шындыққа айналып отыр, Қазіргі
танда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен автокөліктер, ұшақ типтерінің сан алуан түрі —
адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі.
Шығармашылық қиялдың көркем әдебиет пен өнер саласында да алатын орны айрықша. Қоғамдық өмір мен
әлеуметтік құбылыстар-ды, адамдардың топтарың, типтерін көрсетуде шығармашылық қиял арқылы сан алуан бейнелер
жасалып, типтік тұлгалар туындайды Бұл ретте, М. Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясы түрлі топтарға, кесек бейнелер
мен кейіпкерлерге толы. Мәселен, Құнанбай, Майбасар, Ысқақ, Тәкежан мен Әзімбай — бір топ болса, Абай, Әбіш,
Мағауия, Базаралы, Дәркембай ~ өз алдына бір бағыттағы кейіпкерлер Сонымен қатар жазушының шығармасында
Тоғжан, Әйгерім, Зере мен Ұлжан тәрізді әйел образдары да тарихн түлғалық бейнелер ретінде суреттеледі.
Шығармашылық қиялды түсіншілік, сәулет, сурет, әдебиет, мәдениет сынды өнер салаларына тән деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: