Науқасқа нұсқау: " Сізден, зерттеу үшін таңертеңгі қақырық алу қажет, сағат 8.00 – де тісіңізді жуыңыз және аузыңызды жылы сумен шайыңыз, содан бірнеше рет терең тыныс алып, қақырықты мына шыны ыдысқа түкіріңіз, барлығы 3 – 5 мл қақырығы бар ыдысты жауып, санитарлық бөлмеге әдейі арналған жәшікке қойыңыз".
ЕСКЕРТУ: Егер науқас тісін жуғанда қызыл еті қанаса, тісті жумау керек. Аузын фурациллинмен , сода, таза сумен шаю керек.
Алынған қақырықтың тәуліктік өлшемін температуралық параққа белгілеу
Науқасқа нұсқау: "Сізді емдейтін дәрігер, тәулік бойы бөлетін қақырықтың мөлшері туралы деректі білу қажет. Мына түкіргішке бүгін таңғы сағат 8.00 – ден ертеңгі күні сағат 8.00 –ге дейін қақырықты жинаңыз.Таңертең түкіргішті босатар алдында қақырықтың мөлшері жазып алынады ".
ЕСКЕРТУ: Егер қызу қағазында белгілейтін орын болмаса, ауру тарихына тіркеңіз:
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Тәуліктік қақырық мөлшері:
Күні: Мөлшері(мл)
17.03.09. 100.0
18.03.09. 25.0
19.03.09. 25.0