Назар аударыңыз! Бас аумағына мұзды мұйықты қоюға болмайды, оны 5-7 см қашықтықта 20 минутқа іліп қоюға рұқсат етіледі. Қажет болса 15 минут үзіліс жасап қайталауға болады.
Мұйықты алып, тері жамылғыларын қарап шығыңыз. Қажет болса 30 минут үзіліс жасап қайталауға болады.
Есте сақтаңыз!Жалпы қолдану уақыты үзілістерді қосқанда 2 сағаттан артық болмауы тиіс. Мұздың еруіне қарай суын төгіп, үстіне мұз шақпақтарын салып отыруға болады.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:,
Мұзды мұйықты алып, суын төгіп, қалған мұз шақпақтарын алып тастаңыз.
Науқасқа тыныштық жағдай орнатып, ыңғайлы етіп жатқызыңыз.
Мұйықты 2 мәрте 15 минут үзіліс салып дез.ерітіндіге малынған ветошьпен зарарсыздандырыңыз.
Ескерту: науқастың тері жамылғыларының бүтіндігінің бұзылыстары кезінде мейірбике процедура барысында қолғаптарды киіп, аяқталған соң шешіп, 0,06 % деохлор немесе т.б. ерітіндіге салыуы немесе ҚКЖҚ тастауы қажет.