Балауызды (суппозитории) енгізіңіз. Науқасты сол жақ бүйірге жатқызыңыз,балауызды қабығынан босатыңыз. Сол қолыңызбен құйымшақты ашып, оң қолыңызбен балауызды тік ішекке енгізіңіз.Науқасқа 10-15 минут жатуына және 1-1,5 сағат дәретханаға бармауына кеңес беріңіз.
Дәрілік затарды сыртқы тәсілмен қолдану Мақсаты: дәрілік заттарды теріге жағу.
Көрсетім:тері аурулары.
Жабдықтар: майлар,эмульсия, дәкелер, бинт.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Май жағу – теріні асептикалық ертіндімен дезинфекциялаңыз, майды жұқалап дәкеге салыңыз, май жағылған дәкені теріге басып, бинтпен байлаңыз.
2. Теріні майлап ысқылау – теріні асептикалық ертіндімен дезинфекциялаңыз, майды жұқалап таза қолдың алақанына салып, май толық сіңгенше теріні ысқылаңыз.
3. Науқас терісін уқалау – асептикалық ертіндімен теріні дезинфекциялаңыз,теріге майдың, тұнбаның кішкене бөлігін салыңыз , теріні бірқалыпты жеңіл гиперемияға дейін уқалаңыз. Май қалдықтарын дәкемен алып тастаңыз.
4. Жабысқақ таңғышты қолдану –жабысқақ таңғыш (пластырь) - су өтпейтін дәкемен жабылған, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттарды құрайды. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын-ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады. Қызарғанда және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді қолданады.
ҚАЙТАЛАҢЫЗ! Кілегей қабықшаға дәрілік заттарды қолдану: мұрын, көз тамызғылары, құлаққа, көзге майлар жағу ("Науқастың жеке бас гигиенасы" тақырыбын қараңыз)