Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
40
Қазтуған жырау да үндей алмай қалған. Тек Қобыланды батыр ғана Қотан
ақынның жеңіп
бара жатқанын сезіп намыстана, түнере түскен. Тыныштықты
Асан Қайғының өзі бұзған. Ол аппақ ұзын сақалын баяу сипап, оңып кеткен
көздерін сәл жұмып отырды да қайта ашты.
— Өз руыңның ерлігін енді, Қотан жырау, сен айт, — деді. — Қайсыңның
жеңгеніңді жұрт сосын естір...
Қотан қарт алдында тұрған сырлы аяқтан
уыз сары қымызды бір жұтып
орнына қайта қойды. Қобызын асықпай қолына алды. Мұздаған жанды жылытар,
қобалжыған көңілді тыныштатар бір майда қоңыр күй тартты. Қарт жырау күйді
ұзақ тартты. Жұрт ұйып тыңдай берді. Бір мезгілде барып қарт жырау қобыз
даусына өзінің үнін қосты. Қария даусы бұ жолы қарлығып қажымады, жаңағы
жұтқан уыз қымыздың дуасы ма, әлде айтайын деген жырының қақ-
соқтықсыздығынан ба, лебі биязы қоңырқай шықты.
— Арғын да алуан ел болған, келген жерге көнбеген, онда да талай ер туған,
қазір қисса онда емес, —
деді жырау ерекше, өзгеше сарынға салып, — қыран
көкке қанатын қанша биік қақса да тізіліп бірге ұша алмас. Шаңқылдап айбат атса
да, аққудай сыңсып ән сала алмас. Қыпшақ қыран болса, егер, Арғын — аққу көл
көркі... Сойылдан гөрі қолына домбыра алуды паш санар. Ұран салып, жау
іздегеннен ән шырқап жар сүйгенді ұнатар. Одан артық, әлеумет, айтшы қандай
арман бар. Ел айырар ұрыстан,
бейбітшілік, елдікті мұрат еткен бұл Арғын. Ән
мен күйге орда боп қуантсам жұртты дейді бұл Арғын. Батыс түгіл, Қызылбас,
Үндіге де Қыпшақ талай аттанған. Арғын одан аз емес, ерлігі бірақ өзгеше... Арғы
бабам Басым елі
1
түркі тілдес жұртпенен тізе қосып, кептеле ту тігіп үш жүз жыл
Танменен
2
алысқан. Анау асқар тауыңды, мынау шалқар көліңді сол қасыңа
бермеген. Кілегей бұлттай жау төнсе, сонда ғана бұл Арғын алдаспанын сермеген.
Асан Қайғы, аға ұлы, ендігісін өзің шеш. Ел болайық деген жұртымды адастың
десең де айт. Кең болайық деген жұртыңды қателестің десең өзің айт.
Арғын
3
тайпасы да, Үйсін руы тәрізді, Тянь-Шань сақтары мен аргиппейлер
қалдығынан құрылған, көне түркі қауымына кірген. Соңынан Жоңғар тауынан
Жетісуға ауып, «қырық ру»
қатар көшіп, қытай династияларымен сан күрескен.
Қытайлардың Арғынды хұнумен шатастырулары да содан.
Қотан жырау осылай толғап, талықсып кеткен адамдай қобыз күйін бәсеңдете
барып бітірді.
Жұрт тағы да үн-түнсіз тына қалды.
— Мың жаса, атажан, — деді кенет қайратты бір жас дауыс, — Дария тоқтаған
бөгетті бұзып, суды тасыту бір адамның қолынан келеді. Мүлгіп тұрған орманға
шақпақ тастан от беріп, телегей-теңіз өрт шығару о да бір адамның атқара алар ісі.
Сол тасыған суды тоқтату жүз адамның да қолынан келмейді. Тоғайды алған
қалың өртті мың адам да сөндіре алмайды. Ерлік көрсетіп ел-елдің арасын бүлдіру
қай рудың қолынан болса да келеді.
Бүлінген жұрттың басын қосып, ел ету тек халқына жаны ашыған ұлдарының
ғана қолынан келеді. Олардың қолынан әзірге елді біріктіру келмесе де, сол елді
біріктіру — арманы. Сол арманды мына қауым алдында жайып сал-
1
Б а с ы м е л і — «қырық ру» Арғынның арғы атасы.
2
Т а н — Қытайдың Тан династиясы (VІ—VІІ—VІІІ ғ.ғ)
3
А р ғ ы н (көне түркі тілінде Арғұн) — ұлы, көп санды деген сөз.