Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
69
«Хан тағы» деген сөзді естігеннен-ақ Сүйіншіктің екі көзі оттай жайнап сала
берді. Уәзір бала жігіттің ең осал жерінен ұстағанын сезді, енді ол бір терең ойға
шомып кеткендей ұзақ уақыт үндемей қалды. Уәзір сөзі жанына жаға бастаған
Сүйіншік шыдай алмай:
— Хан тағынан дәметер менен де бөтен аға-інілерім бар ғой, — деді бірден
өзінің қаупін ашып, — олар да хан баласы.
— Қара қазақ баласы — әкесінің баласы. Хан тағының баласы — әкесінің
ажалы. Өйткені тақ біреу, отырамын деушілер көп.
— Хан әкеміз әлі елуге жеткен жоқ қой...
— Хан жасы — баласының жасымен байланысты. Баласы өзін нәресте санаса
— хан жас болады. Баласы ер жеттім десе — хан қартқа айналады.
Сүйіншік түксие қалған.
— Сонда сен...
Уәзір ақырын жымиып күлген.
— Шыдай тұр, ел билегің келсе, алдымен өзіңді өзің билей біл, — деген ол. —
Мен сені әкеңе қарсы салғалы отырғам жоқ. Қылшылдаған жас айғыр кезі
келгенде кәрі-құртаңды үйірінен өзі қуады. Хан иемізге қаншалық жаның
ашитынын кезінде көрсетерсің. Ал қазір айтарым: мүбаракті Әбілқайыр хан ауру
жан. Бүгін болмаса ертең, ертең болмаса бүрсігүні, оның төсек тартып жатып
қалуы ғажап емес. Құдай өзі бергенін өзі алады. Бұған тірі пенде араша түсе
алмайды. Әбілқайыр ханның тек сырты ғана сау, іші күйе түскен кигіздей шұрық-
шұрық. Құдай тағала қымбатты хан иеме мың жыл тіршілік берсін. Ал алда-
жалда... — уәзір қиналғандай төмен қарады, — жаман айтпай жақсы жоқ, егер хан
ием олай-былай бола қалса, бір таққа он ие бар, қайсың отырасың мен соны
айтайын деп едім.
Сүйіншік адуынды хан әкесінің көзі тірі екенін тіпті ұмытып кетті. Әлі өзі
отырып көрмеген алтын тақтың буы күні бұрын жүрегін тулата бастады. Ол енді
қобалжи, толқи сөйледі.
— Сонда өзіңіз қайсымызды лайық дейсіз?
Уәзірдің де күткені осы сұрақ еді. Енді ол асықпай, әңгімені тереңнен қозғады.
— Хан иемнің өзге балалары бір төбе, сен де бір төбесің. Топ қарғаның ішінде
қоңыр қазымсың. Бірақ ханның ақылды баласының бас жауы өзінің әкесі деген.
Ал сенің әкең емес, анаң бас жауың...
Сүйіншік шошып кетті.
— Ол мүмкін емес, — деді даусы дірілдей, — бір ана баласын жақсы көрсе, ол
менің анам!
— Болар жігітке дүниеде анасының жақсы көруінен қиын бөгет жоқ, Рабиу-
Сұлтан-Бегім ханым сенен аналық махаббатын аямайды, сені көзінің
қарашығындай сақтағысы келеді. Сол үшін алтын таққа Күшкінші сұлтанды
отырғызуға бар.
Сүйіншік сұлтанның екі көзі шатынап, ерні кезеріп кетті.
— Алтын тақты қимаған ананың махаббаты маған неге керек? Жақсы көремін
дегені бос сөз екен ғой, түсіндім, шын жақсы көрері Күшкіншік болды!
Осы сәтте Бақты-Қожа уәзір шын сырын ашты.
— Хан тағына жетем деген адамда туыс та, туған да болмайды. Кейде ата-
ананың, бір туған бауырларының өлігінің үстінен аттап, хан тағына жетуге тура
келеді. Өйтпесең сенің өлігіңнің үстінен көп бауырларыңның біреуі аттап өтеді.
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
70
Хан тағы тек тастай берік, жан аямас мықтының орны. Қажырсыз адамның ел
билегені, өгізге мініп жылқы баққанмен бірдей. Егер осы жолда қажырлы бола
аламын десең мен сенімен бірмін, — деп бір тоқтаған уәзір.
«Бола аламын!» деп уәдесін берген Сүйіншік. Осы сөзден кейін жатса-тұрса да
хан тағы оның көз алдынан кетпей қойған. Мансапқор, ақылға бай емес бала
жігітті зәр ішкендей жағдайға жеткізіп ап, зұлымдығына найза бойламас уәзір, хан
тапсырмасын орындауға кіріскен. «Саған алтын тақты қиғысы келмейтін анаңның
мынандай да күнәсі бар, егер хан тағына жеткің келсе осы күнәсін дақ етіп, ең
алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегімнен құтыл» деген.
Бақты-Қожа уәзір қателеспеді. Қасқырдың қаншығы тек күшігі қасқыр бол-
ғанша ғана ана, ал күшігі қасқыр болғаннан кейін, анасы да оған қасқыр. Ақылды
уәзір Сүйіншікке «Ханға әке де, шеше де, аға-іні де — тек алтын тақ» деп бекер
айтпаған еді.
Уәзір ханға Сүйіншіктің тілін осылайша тапқанын ашпады. «Ханға бәрі бір
емес пе, баласы анасының басын қалай алғаны. Тек бұйрығы орындалса бол-
ғаны ғой».
— Жақсы, Бақты-Қожа уәзір, — деді хан, анау басын төмен иді.
Осы сәтте Ақжол бидің өлгенін естіртуге шабарман келді.
Әбілқайыр Тарланкөкке мініп, қалың нөкерлері мен «хан қорғаны»
жауынгерлерін ертіп, қазақтың көне дәстүрін сақтап, Ақжол аулына көңіл айтуға
аттанды. Орда-Базарды қоршай қонған қазақ ауылдарын аралай, Қаракеңгірдің
етек жағына қаза болған Ақжол биге арнап тіккен үйлерге беттеп келе жатты. Хан
атының басын тежей тартып, әлсін-әлсін өзен, көл бойларын жағалай жайлаған
қалың елге қарап қояды. Қараған сайын сұрлана түседі. Арғын, Қыпшақ, Найман,
Қоңырат, Керей, Уақ ауылдарының маңайында өреде ерттеулі ат, белдікте
шошайған найза сойыл. Жайшылықтағы тыныш жататын бейбіт елде жауға
шығар, не жау күтер алдында осындай бір сұсты түр пайда болатын. Мынау
жорыққа дайындалған, дүрліккен ауылдар. Тек Маңғыт, Бүркіт, Барлас, Қарашын,
Қосшы рулары мен төлеңгіт ауылдары жайбарақат. Әбілқайыр қазақ руларының
түрін көріп сескенейін деді. Қобыландыға Ақжолды өлтір деп бекер ақыл бердім
бе, қалай деп ойлайды ол бір мезет. Жаздың жарқыраған әдемі күнінде жауар
бұлттай қаһарлана қалған, мынау, қалың елдің осыншама кәр көрсетуіне себеп
болғанына, Әбілқайыр енді өкінді. Ақжолдың құнын жоқтап Жәнібек пен Керей
құр қол келе қалады деген жорамалының да бұрысқа шыққанын ұқты. «Ақжол
ажалын Жәнібек пен Керей өз мұраттарына пайдалана білген екен. Енді тек
айқастың күндерін күтіп отыр-ау деді ол ішінен. Ханның қайсарлылығы ұстап
кетті. — Айқасса Әбілқайыр дайын. Қазірдің өзінде биылғы жылдай бейбітшілік
жылдың өзінде, тек осы Орда-Базардың төңірегінде жиырма мың салт атты әскері
бар. Әбілқайыр тағы да осынау қару-жарағын сайлап, қаптаған Арғын, Найман,
Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты ауылдарына көз тастады. Бірақ сол жиырма
шыңның тең жартысы қазақтың осы руларынан емес пе? әрине солай. Қалғаны
ғана Согдиялық — Мауреннахрлықтар, ұйғыр, кірме монғол, шағатай, моғол,
қалмақ, қырғыз елдерінен. Егер айқас туа қалса, қазақ рулары әскерінің менің
шебімде болмайтыны хақ. Мынау, дайындық соны көрсетеді ғой. Қобыланды
батырды
қорғап,
Қыпшақ
жауынгерлерінің
де
Ар-
ғынды шабуы екіталай. Күш тең түсіп қалған екен. Жәнібек пен Керейдің де соңғы
|