Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет12/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


Намазды бұзатын нәрселер

Намаздың сыртқы немесе ішкі парыздарының біріне 

қандай да бір нұқсандық келсе, намаз бұзылады.

Намазды бұзатын нәрселер:

1.  Намазда сөйлесу. Намазда мейлі әдейі, мейлі 

жаңылысып сөйлесе, намазы бұзылады. Намазда біреудің 

түшкіргеніне «ярхамукаллаһ» (Аллаһ саған рақым етсін) 

деген бір сахабаға Аллаһ Елшісі намаздан кейін былай 

дейді: «Намазда адамдық (қарым-қатынас) сөздерді 

сөйлеу дұрыс емес. Намаз – тәсбих, тәкбір және Құран 

оқудан тұратын ғибадат»

217


. Бірақ адамның өз-өзіне 

«Ярхамукаллаһ» деуі намазды бұзбайды.

Адамның науқастығынан немесе бір затынан, бір 

досынан айрылу секілді қайғылардан әріптер белгілі 

болатындай дауыспен жыласа, немесе «аһ, уһ» секілді 

дыбыс шығарып жыласа, намазы бұзылады. Бірақ адам 

өз-өзіне  ие  бола  алмай  жыласа,  еріксіз  есінегендей 

намазы бұзылмайды. Аллаһтан қорыққанынан немесе 

жәннат пен жаһаннамды ойлап жылауы, есінеуі намазды 

бұзбайды. Құран немесе хадистегі дұғаларды намазда оқу 

намазды бұзбайды. Себепсіз екі әріп белгілі болатындай 

түшкірсе, намазы бұзылады. Бірақ еріксіз табиғи түрде 

түшкіру – бұдан тыс нәрсе. Намазда біреудің сәлеміне 

тілмен жауап қайтару немесе қол алысып, құшақтасып 

амандасу намазды бұзады. Намазда тұрған адамға «Алға 

жылжы», «сап түзе» секілді сөз айтылып, ол да осыны 

іске асырса, намазы бұзылады. Бұл – намазда Аллаһтан 

басқасының бұйрығына бағыну. Бірақ өздігінен аздап 

жанына жылжып орын беруі намазды бұзбайды. 

217


 әш-Шәукани, II, 314

178

Ислам ғылымхалы

Имам  Ағзам  бойынша,  Құранға  қарап  намаз 

оқу – намазды бұзады. Намазда имамның қырағатын 

жамағаты түзесе, намаз бұзылмайды. Намазда бір аятты 

оқымағанын намаздан кейін хабар берген сахабаға Аллаһ 

Елшісі (с.а.у.): «Маған ескерткеніңде ғой», – дейді

218



Егер имам сол аятты оқи алмай басқа аятқа өткеннен 



кейін, түзеткен адамның намазы бұзылады. Сол секілді 

қырағатын сырттан түзеткен адамға ұйып, қырағатын 

түзеткен имамның намазы бұзылады.

2. Ішіп-жеу. Намазда мейлі әдейі, мейлі білмей бір 

нәрсе жеу, ішу намазды бұзады. Үлкен болсын, кіші 

болсын бәрібір. Тістің арасында қалған ноқат дәнінен 

үлкен нәрсені намазда жұтса, намаз бұзылады. Одан кіші 

болса, намаз бұзылмайды. Өйткені мұндай нәрседен сақ 

болу өте қиын. Ауызда еріген қант, шекер, т.б. нәрселерді 

жұту да намазды бұзады.

3.  Қатарынан бірнеше іс-әрекет жасау. Намаз-

да жасалған көп қимыл намазды бұзады. Аз іс-қимыл 

намазды бұзбайды. Намаз оқып тұрған адамның намаз 

оқып, оқымағаны жайлы сырттан қараған адамға қүмән 

келтіретіндей жасаған іс-әрекеті – көп іс-қимыл болып 

саналады. Олар мыналар: Бір адам денесін бір рет немесе 

екі рет немесе әрбір рәкаттарда бір рет, екі реттен қасыса, 

намазы бұзылмайды. Бірақ бір рәкатта қатар-қатар үш рет 

қасыса, бұзылады. Бір саусағымен қолын қимылдатпай 

бірнеше рет қасыса, бір рет қасығанға жатады. Намазда 

себепсіз қатарынан тоқтамай үш қадам басу – намаз-

ды бұзады. Намазда бір қолымен басынан сәлде немесе 

тақиясын алып жерге қоюы немесе бұларды жерден алып 

218


 А.б. Ханбәл, IV, 74.

179

Намаз

басына киюі намазды бұзбайды. Бірақ бұл іс-әрекет – көп 

іс-қимылды білдірсе, намазды бұзады.

4.  Құбыладан бұрылу. Себепсіз намазда кеудесімен 

құбыладан басқа жаққа бұрылса, намазы бұзылады.



5.  Намазда  әурет  жерінің  ашылуы  намазды 

бұзады. Ханафи мәзһабында әурет жері болған мүшенің 

төрттен бірінің ашылуы намаздың бұзылуына жетіп 

жатыр.

6.  Намаз оқыған адамның дәретінің бұзылуы. 

Намазда адамның мұрны қанаса немесе аузына құсық 

келу секілді себептерге байланысты еркінен тыс дәреті 

бұзылса, мұндай жағдайда адамның дәреті бұзылса да, 

намазы бұзылмайды. Ол сөйлеместен және басқа бір 

әрекет етпей тек дәретін қайта алып келген жағдайда, на-

мазын келген жерден жалғастыра алады. Бірақ намазын 

қайта басынан оқыса – абзал.



7.  Дауыстап  күлу.  Намазда  жанындағы  адам 

еститіндей  етіп  күлу  –  намазды  бұзады.  Мұндай 

жағдайда адамның намазы да, дәреті де бұзылады. Егер 

сәл күлімсіресе намазы бұзылмайды. Бірақ күлімсіреген 

уақытта  өзі  еститіндей  дыбыс  шығарса,  намазы 

бұзылады, бірақ дәреті бұзылмайды. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.): «Кімде-кім дауыстап күлсе, намазы мен дәретін 

қайталасын»,

219


 – дейді.

8.  Талып  қалу,  ес-түстен  айрылу.  Мұндай 

жағдайларда адамның намазы бұзылады.



9.  Намаз ниетін ауыстыру. Оқып жатқан нама-

зынан басқа намазға ниет етсе, намазы бұзылады.



10. Намаздың  бір  парызын  тастау.  Намаздың 

ішіндегі бір парызын сол намазда қаза етпестен тәрк ету 

219

 Дөндерен, 281.



180

Ислам ғылымхалы

намазды бұзады. Намаздың бір рәкатының сәждесін тәрк 

етіп, мұны сол намазда қаза етпей сәлем беру секілді.

11. Намаз оқыған ер адамның арасында бір адам 

сыятындай  орын  болмай  немесе  перде,  дуал,  т.б. 

бөлінбей  әйелмен  бір  сапта  намаз  оқуы  –  намаз-

ды бұзатын нәрсе. Ханафи мәзһабында әйел адам ер 

кісілердің арасында бір сапта намаз оқыса, әйелдің екі 

жанындағы екі еркектің және дәл артындағы бір еркектің 

намазы бұзылады. Намаздың бұзылуы намаздағы парыз 

саналған сап ретінің тәрк етілуіне байланысты.

12. Тәйәммүммен намаз оқыған адамның су көруі. 

Тәйәммүммен намаз оқыған адам, пайдалануға шамасы 

келетін суды көрсе, намазы бұзылады. Мысалы, намаз-

да тоқтап қалған судың келуі секілді. Бірақ Ханафида, 

тәшәһһүдта отырғаннан кейін судың табылуы намазды 

бұзбайды. Өйткені, бұл кезде намаз аяқталған.



13. Намаз бітпей жатып сәлем беру. Төрт рәкаттан 

тұратын  намазды  ұмытып,  екі  рәкат  санап,  бірінші 

отырыстың  соңында  сәлем  берген  адамның  намазы 

бұзылады. Бірақ төрт рәкат екенін біліп, қателесіп бірінші 

отырыстан  кейін  сәлем  берсе,  намазы  бұзылмайды. 

Сәлемнен кейін көп іс-қимыл жасамаса немесе сөйлемесе, 

қайтадан тұрып намазының қалған бөлімін орындайды. 

Кешіктіргені үшін сәһу сәждесі жасалады

220

.

14. Парыз,  уәжіп  намаздарының  уақыты 



шыққанда.

15. Мәсіге  тартылған  мәсіх  уақытының 

аяқталуы.

220


 Білмен, 222-227; Дөндерен, 274-286.

181

Намаз

Азан

Азан – сөздікте «хабар беру, білдіру» мағынасын 

білдіреді.  Терминге  салсақ:  парыз  намаздардың 

уақыттарын білдіретін арнайы айтылатын сөздер. Парыз 

намаздары үшін оқылатын азан Құран мен сүннет арқылы 

белгіленген.  Исламның  әуелінде  дәл  қазіргідей  азан 

оқылмайтын. Тек қана «әс-салата, әс-салата» (намазға, 

намазға), немесе «әс-Салатул-жами’аһ» (намаз адамдар-

ды біріктіруші) секілді сөздермен білдірілетін. Кейіннен 

һижреттің алғашқы жылдарында Мәдинада Пайғамбар 

мешіті  салынып  біткен  кезде,  сахабалар  жиналып, 

Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге жамағат болып, намаз 

оқи бастады. Міне, сол уақытта Аллаһ Елшісі (с.а.у.) 

намаз уақыттарының жариялануы жайында сахабалар-

мен мәжіліс өткізді. Кейбір сахабалар түсінде көрген 

азан оқылуын айтып, бұл да уахимен қуатталып, бүгінгі 

кездегі азан түрі пайда болды.

Ерлер  үшін  азан  –  мүәккад  сүннет.  Аллаһ 

Тағала Құран Кәрімде: «Намазға (азан) шақырған 

уақыттарыңда  олар  ойынға  айналдырып  келеке 

етеді.  Бұл  олардың  шынайы  түрде  түсінбейтін 

халық болғандықтарынан»

221

. «Ей, иман еткендер! 

Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде дереу 

Аллаһты еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және 

сауда-саттықты тоқтатыңдар»

222


 – дейді.

Аллаһ  Елшісі  (с.а.у.):  «Намаз  уақыты  кірген 



кезде араларыңнан біреу азан оқып, жасы үлкені имам 

болсын»

223


, – дейді.

221


 Маида, 5/58

222


 Жұма, 62/9.

223


 Бухари, Азан, 17.

182

Ислам ғылымхалы

Азанның оқылуы:

,ربكا ُلا ,ربكا ُلا ,ربكا ُلا ,ربكا ُلأ

,ُلا َّلاِا َهَلِا لآ  ْنَا ُدَه ْشَا , ُلا َّلاِا َهَلِا لآ  ْنَا ُدَه ْشَا

, ِ َّلا  ُلو ُسَر اًدَّم َحُم َّنَا ُدَه ْشَا , ِ َّلا  ُلو ُسَر اًدَّم َحُم َّنَا ُدَه ْشَا

,ِةول َّصلا ىَلَع َّي َح , ِةول َّصلا ىَلَع َّي َح

, ِحلاَفْلا ىَلَع َّي َح ,ِ حلاَفْلا ىَلَع َّي َح

ربكا ُلا ,ربكا ُلا

.ُلا َّلاِا َهَلِا لآ



Аллаһу әкбар

Аллаһу әкбар

Аллаһу әкбар

Аллаһу әкбар

Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ,

Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ,

Әшһәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллаһ,

Әшһәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллаһ,

Хаййә ‘алас-Саләһ, Хаййә ‘аләс-Саләһ

Хаййә ‘аләл-Фәләх, Хаййә ‘аләл-Фәләх

Аллаһу әкбар,

Аллаһу әкбар,

Ләә иләһә ил-лАллаһ.

Қазақша мағынасы:

Аллаһ аса ұлы, Аллаһ аса ұлы

Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне куәлік етемін.

Мұхаммедтің Аллаһтың Елшісі екеніне куәлік 

етемін.


183

Намаз

Намазға (жан рақатына) асық.

Азаттыққа, мәңгілік бақытқа жетуге асық.

Аллаһ аса ұлы, Аллаһ аса ұлы

Аллаһтан басқа құдай жоқ.

Бамдат намазында екі рет «Хаййә ‘аләл-Фәләх» де-

геннен кейін, екі рет «әс-салату хайрун миннән-нәум» 

(ұйқыдан намаз жақсы) сөздері қосылып айтылады.

 

Азанның шығу тарихы

Меккеде  жүргенде,  мұсылмандар  ғибадаттарын 

жария түрде орындай алмай, намаздарын жасырын түрде, 

ешкімге көрінбей ғана оқитын еді. Осыған байланысты 

ол кезде халыққа жар салып, ашықтан-ашық намазға 

шақыру ойға да кіріп шықпайтын нәрсе еді.

Ал, Һижреттен кейін, яғни, мұсылмандар Мәдинаға 

көшкеннен  кейін  жағдай  күрт  өзгерді.  Бұдан  былай 

халықта  діни  бостандық  бар  еді.  Мұсылмандар 

еш  қысылмастан  ғибадат-құлшылықтарын  жасай 

алатын  болды.  Бұрынғыдай  кәпірлердің  зорлық-

зомбылықтарынан құтылып, жандары жай таба бастаған 

еді.

Көпшіліктің  күшімен  Пайғамбар  мешіті  де 



тұрғызылып қойған еді. Алайда намаз уақыты кіргенде 

халықты мешітке жинайтындай бір шақыру түрі әлі 

белгіленбеген болатын. Мұсылмандардың бір бөлігі 

мешітке ерте келіп, намаз уақытының кіруін күтіп отыра-

мыз деп, басқа істері бітпей қалып жүрді. Енді біреулері 

намазға кешігіп, қапыда қалып жүрді.



184

Ислам ғылымхалы

Пайғамбарымыз  бір  күні  сахабаларын  жинап, 

намазға шақыру түрін белгілеу үшін мәжіліс құрады. 

Кейбір сахабалар христиандар сияқты қоңырау шалуды 

ұсынса, енді біреулер еврейлер тәрізді сырнай тартуды 

алға тартты. Тіпті, отқа табынатын мәжусилер құсап, 

намаз  уақыты  кіргенде  от  жағуды  еске  алғандар  да 

болды. Бірақ Пайғамбарымыз бұлардың ешқайсысын 

қабылдамады.

Сол кезде Омар (р.а.) сөз алып:

– Пайғамбарым, халықты намазға шақыру үшін 

неге бір адам тағайындамасқа? – деген ұсынысты алға 

тартты.

Осыны  орынды  көрген  Пайғамбарымыз  Хазреті 



Біләлге бұрылып:

– Тұр, Біләл, намазға шақырып халыққа жар сал! – 

деп әмір етті.

Бұны естіген Біләл біраз уақытқа дейін Мәдинә 

көшелерін  аралап:  «Әс-салаһ,  әс-салаһ  (Намазға 

асығыңдар, намазға асығыңдар)» деп жар салып жүрді. 

Бірақ бұл да жеткіліксіз еді.

Осыдан көп ұзамай, Абдуллаһ бин Зәйд атты сахаба 

бір түс көреді. Түсінде оған азанның дәл қазіргі түрі 

үйретіліп жатыр екен. Ол өзі былай әңгімелейді:



«Ұйқылы-ояу халімде маған біреу келді. Үстінде екі 

жасыл киімі бар. Бір кішкене тамның үстіне шығып 

алды. Қолында бір қоңырау бар екен. Мен оған:

– Сен мынауыңды маған сатасың ба? – дедім. Ол:

– Бұны не істейсің? – деп сұрады.

– Намаз уақытында қоңырау шаламыз, – деп жауап 

бердім. Сонда ол:

185

Намаз

– Мен саған одан да жақсы бір шара үйретсем 

қалай қарайсың? – деді.

– Әрине, тіпті жақсы болар еді, – дедім мен.

Сонда жаңағы кісі құбылаға қарай бұрылды да, 

азан сөздерін толығымен айтып берді. Содан кейін сәл 

бөгелді де, азан сөздерін қайта айтып, аяғына таман 

2 рет «Қад қаматиссалаһ» деген сөйлемді қосты (бұл 

иқамет болатын)».

Абдуллаһ (р.а.) таң атар-атпастан қуанышы қойнына 

сыймай, көрген түсін келіп Пайғамбарымызға айтып 

береді.  Пайғамбарымыз  тыңдап  болып,  азанды  сол 

қалпында айтуды лайық көреді де, Абдуллаһқа (р.а.) 

көрген түсін халыққа айтып, азан сөздерін Хз.Біләлға 

үйретуді бұйырады. Осыдан кейін, Біләл (р.а.) өзінің зор 

даусымен азан айтып, Мәдинәні жаңғырта бастайды.

Мәдинәні жаңғырықтқан азанды естіген Хз. Омар 

сол арада пайғамбарымыздың қасына келіп мән-жайды 

білген соң былай дейді:

–  Пайғамбарым,  сені  хақ  дініңмен  елші  қылып 

жіберген Аллаһқа ант етейін, Абдуллаһтың көрген түсін 

мен де көрдім.

Пайғамбарымыз екі кісінің бірдей түсті көргеніне 

Аллаһқа шүкір етті. Сол түні 7 сахабаның дәл сондай 

түс көргендігі деп айтылады. Сөйтіп, азанның дәл сол 

қалпында айтылуы керектігіне еш күмән қалмайды.

Исламның  соншалық  табиғи,  таза  дін  екендігін 

осы  азаннан  да  білуге  болады.  Жансыз,  мағынасыз, 

сезімсіз бір қоңырау шалу, немесе сырнай тарту, от жағу 

сияқтылардың ешқайсысы азанмен теңестіріле алмасы 

анық.

* * *


186

Ислам ғылымхалы

Азанның шарттары

1.  Уақыттың кіруі. Намаз уақыты кірмей тұрып 

азан оқу – жақсы емес. Мұндай азанды уақыт кіргеннен 

кейін қайта оқу қажет.

2.  Азан арабша оқылуы керек.

3.  Азан мен қаматты жамағатқа естірту.

4.  Азан мен қаматтың сөздері рет-ретімен оқылуы 

керек. Рет-ретімен оқылмаған азан – мәкрүһ.

5.  Азанды бір адам ғана оқу керек.

6.  Ханафилар бойынша, азаншы – ер кісі, ақыл-

есі түзу, тақуа, сүннетті және намаз уақыттарын жақсы 

білетін адам болуы керек. Қараңғы, пасықтардың азан 

оқулары –мәкрүһ. Әйелдердің және жүніп кісінің азан 

оқуы мен қамат айтуы – мәкрүһ. Дәретсіз адамның да 

қамат айтуы – мәкрүһ. Хадис: «Дәреті бар адам ғана 

азан оқи алады»

224

.

7.  Азаншының даусы әдемі болуы керек. Бұған 



мына хадис дәләл: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жиырма адамға 

азан оқытты. Әбу Махзурәның даусы ұнап, оған азан 

үйретті

225


.

8.  Азан  естілу  үшін  жоғары  бір  жерге  шығып 

оқу  қажет.  Әлбетте,  қазіргі  кезде  дыбыс  зорайтқыш 

болғандықтан қажет емес.

9.  Азан сөздері созылып оқылады. Қамат керісінше 

тез оқылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазіреті Біләлға 

былай дейді: «Біләл, азан оқыған кезде сөздерін созып 

оқы. Қамат (тәкбір) айтқан кезде тез-тез оқы»

226


.

224


 Тирмизи, Салат, 33.

225


 Дарими, Салат, 7.

226


 Тирмизи, Салат, 29.

187

Намаз

10.  Азан мен қаматты оқушы құбылаға қарап оқиды. 



«Хаййә ‘аләс-Саләһ» деген сәт – оң жаққа, «Хаййә 

‘аләл-Фәләх» деген сәт – сол жаққа басын бұрады. Азан 

даусының жақсы шығуы үшін екі саусағын екі құлағына 

қояды. Әбу Жухайфә (р.а.) былай дейді: «Біләлдің азан 

оқығанын көрдім. Ол жүзін оң мен сол жаққа бұрып, 



«Хаййә  ‘аләс-Саләһ»,  «Хаййә  ‘аләл-Фәләх»  –  деп 

жатты. Екі саусағы екі құлағында болатын».

11. Азан мен қамат уақыты намазбен қатар қаза на-

маздары үшін де сүннет.

12. Азан мен қамат арасында аздап уақыт бөлген 

абзал. Пайғамбарымыз Біләлға: «Біләл, азан мен қамат 



арасында тамақтанып отырған адамның тамағын 

асықпай бітіріп, асықпай қажеттіліктерін өтейтіндай 

уақыт бер»

227


, – деді.

13. Азан оқыған уақытта сөйлеуін доғарып, тіпті 

Құран оқыған адам да тоқтап, азан тыңдауы абзал. Кейбір 

көзқарастар бойынша, мешіт пен үйінде Құран оқыған 

адам, Құран оқуын тоқтатпай жалғастыруына болады.

Азан мен қаматты естушінің азаншымен бірге құпия 

оқуы – мұстахап. Бірақ, «Хаййә а’ләс-Саләһ», «Хаййә 

а’ләл-Фәләх» оқылғанда, тыңдаушы: 

لاِِب ََّلاإ َةَّوُق لاَو َلْو َح لا

 

«Ләә хаулә, уә ләә қууәтә иллә билләһ (Нағыз күш-

қуат Аллаһта)» – деп айтады.

Азан оқылған соң былайша дұға оқылады:

 ًادَّم َحُم  ِتآ ِةَمِئآَقْلا ِةلا َّصلا َو ِةَّمآَّتلا ِةَوْعَّدلا ِهِذَه  َّبَر َّمُهللأ{

 يذَّلا ًادوم ْحَم ًاماَقَم ُهْثَعْبا َو َةَعيفَّرلا َة َجَرَّدلا َو َةَلي ِضَفْلا َو َةَليِسَوْلا

}َداعيِمْلا  ُفُل ْخُت َلا  َكَّنِا ُهَتْدَعَو

227


 А.б. Ханбәл, Муснәд,V, 143.

188

Ислам ғылымхалы

«Аллаһумма  рәббә  һәзиһид-да’уатит-тәәммә 

уәс-салатил-қааймә, әәти Мухаммәдәнил-уәсииләтә 

уәл-фадииләтә, уәд-дәрәжәтәр-рафии’та. Уәб’асһу 

мақамәм  махмудәниллази  уа’аттәһ.  Иннәкә  ләә 

тухлифул-ми’аад». Мағынасы: «Ей, мына толық азан 

мен оқылатын намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке 

арқау болуды, ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені 

бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» 

жеткіз. Сен өзіңнің берген уәдеңді орындайтыныңа 

ешқандай күмән жоқ».

Намаздан тыс және кейбір себептерге байланысты 

азан оқу – мәндүп. Бұлар:

1.   Бала дүниеге келгенде құлағына азан оқу. Аллаһ 

Елшісі немересі Хазіреті Хасан туылғанда құлағына азан 

оқыған


228

.

2.   Соғыс уақытында, өрт жағдайында азан оқу.



3.   Қатты ашуланған, науқастанған, жаман мінезді 

адамның немесе жан-жануардың құлағына азан оқу – 

мәндүп.

4.  Жын  мен  шайтан  қорқынышты  бір  бейнеде 



көрінген кезде, бұлардың кесірінен сақтану үшін азан 

оқылады.  Өйткені  шайтанның  азан  оқылған  кезде 

қашатындығы хадисте айтылады.

Азаншының ерекшелігі

Азаншылық – аса ерекше мамандық. Пайғамбарымыз 

азаншылықтың  ерекшеліктері  туралы  көптеген 

хадистерінде айтқан. Бұлардың кейбірінен мысал беріп 

228

 Әбу Дәәуд, Әдәб, 107.



189

Намаз

өтейік: «Азаншы даусының естілген жерінің көлеміне 



қарай  күнәсі  кешіріледі.  Даусы  естілген  жердегі 

барлық нәрсе оған куәлік етеді»

229


. Басқа бір хадисінде 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаһым, имамдарды тура 



жолға сал, тура жолдан айырма, азаншыларға кешірім 

ет!»

230


 – деп олар үшін дұға етеді.

Қамат (тәкбір)

Ерлерге мейлі жеке, мейлі жамағатпен болсын парыз 

бен қаза намазға тұрар алдында қамат айту – мүәккад 

сүннет. Қаматтың сөздері азан сөздерімен бірдей.

Тек  қана  «Хаййә  аләл-Фәләх»  дегеннен  кейін:  

ُةلا َّصلا  ِتَماَق ْدَق ,ةلا َّصلا  ِتَماَق ْدَق



 «қад қаматис-салааһ» (Намаз 

басталды) деп екі рет айтылады.



 Бес уақыт намаздың оқылуы

Намазды жеке оқу үлгісі

Бамдат намазы

Бамдат  намазының  алдымен  екі  рәкат  сүннеті 

оқылады. «Бүгінгі бамдат намазының екі рәкат сүннетін 

оқуға ниет етттім» деп ниет етіп, дереу екі қолын екі 

құлағына тақап, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, тәкбір 

алады. Осыдан кейін қолдарын байлап, «Субханака 



Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала 

жәддука уә ләә иләһә ғайрука»«Ә’узу биллаһи минаш-

шайтанир-ражим, Бисмиллаһир-рахманир-рахим» дейді 

де, «Фатиханы» оқып, соңында іштен «әмин» дейді. Одан 

229

 Бухари, Әзәб, 107.



230

 Әбу Дәәуд, Салат: 32.



190

Ислам ғылымхалы

кейін Құраннан ұзақ бір аят яки үш қысқа аят немесе сүре 

оқылады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» дейді де, рүкүғке 

барады. Бұл жерде кем дегенде үш рет «СубханАллаһил-



азим» деп тәсбих айтады. Сосын «Сәми’ Аллаһу лимән 

хамидаһ» сөзін айтып, қиямға барады. Қиямға барысымен 

«Аллаһумма Раббәнэ уә ләкәл-хамд» деп айтады. Бұдан 

кейін «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеде үш 

рет «Субхана Раббиял-а’ла» дейді де, «Аллаһу әкбар» 

деп, сәждеден түрегеліп, бір тәсбих айтылатындай уақыт 

отырады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге 

барады. Мұнда да үш рет «Субхана Раббиял-а’ла» деп 

тәсбих етеді. Осылайша бір рәкат аяқталады.

Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, екінші 

рәкатқа бастау үшін қиямға тұрады. Түрегеп тұрып тек 

қана «Бисмиллаһ» пен «Фатиха» және қосымша сүре 

оқылады. Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ 

пен  сәжде  жасалады.  Екінші  сәждеден  кейін  отыра-

ды. Бұл – екі рәкаттық намаздың соңғы отырысы. Осы 

жерде «әт-тахият», «салауат», «раббанә әтина» дұғалары 

оқылады. Олар мыналар: «Әт-тахияту лиллаһи уас-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет