тәріздес жылжуда»
287
.
Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының
қозғалысына байланысты. Жер қабығы болса, мантияның
үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ ғасырдың
басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер бетіндегі
құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен
түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы
тұжырымды ортаға салған еді.
Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек
тұжырым ғана емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның
өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана
көз жеткізді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай
ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы –
Құранда айтылып кеткен еді…
Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына
деректер келтірілген: жер бетіндегі құрлықтар шамамен
500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя атты
бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Ша-
287
Нәміл сүресі/88.
253
Намаз
мамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді.
Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың
бірі – Африка, Австралия, Антарктика және Үндістанды
қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік
Америка және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия
болатын.
Осылайша, Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пайда
болған бұл құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше
сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады.
Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе –
Құран аятында таулардың қозғалысына байланысты
«жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың
бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдала-
нып жүрген термині ағылшын тілінде «continental drift»,
яғни «құрлықтық жылжу».
Адам баласының дүниеге келуі
Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті
Құранда пендені иманға жетелеу үшін алуан түрлі
дәлелдер келтіріледі. Адам көзін ақиқатқа ашу үшін Жа-
ратушы иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде өсімдіктерді,
енді бірде жануарларды тілге тиек етіп, олардың
жаратылысындағы ғажайып сырларды ашып салады.
Сол сияқты, Құранның көптеген аяттарында
адам баласының өз басының дүниеге қалай келетіні,
Аллаһтың құдіретімен ана құрсағында жатып қандай
даму кезеңдерінен өтетіні туралы жиі-жиі сыр шертіледі.
Мысалы «Мүминун» сүресінде:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан
жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде
мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол
254
Ислам ғылымхалы
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға)
сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі
жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге
айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық,
сосын, оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ –
ең керемет Жаратушы»
288
– делінеді.
Осы сияқты мұғжизаға толы аяттар Құранда
көптеп кездеседі. Мұндай аяттарда VII ғасырда өмір
сүрген адамдардың білуі мүмкін емес ғылыми деталь-
дар жатқанын байқау қиынға соқпайды. Мысал бере
кетсек:
1. Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір
кішкене бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан)
жаратылатыны;
2. Сәбидің жынысын – аталық ұрық айқын-
дайтыны;
3. Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабы-
сып тұратыны;
4. Сәби ана құрсағында 3 қараңғы кеңістік ішінде
өсетіні, т.б.
Бұл детальдар ХХ ғасырда ғылым мен технологияның
шарықтау шегінде ғана айқындалғандығы – адамды
Құранға және оны түсіруші Аллаһқа жақындата түспеуі
мүмкін емес, сірә. Енді осыларға тереңірек тоқтала
кетелік.
Шәуеттің бір тамшысы
Аталық клеткалар аналық клеткаға жеткенге дейін
бірталай сапар шегетіні белгілі. Бұл сапардың соңында
288
Муминин сүресі/12-14.
255
Намаз
250 миллион аталық клетканың тек мың шамасындайы
ғана аналық клеткаға жетіп, оның ішінде тек біреуі ғана
тұз ұсағының жартысындай ғана аналық клеткаға кіреді.
Яғни, адамның негізі – шәуеттің түгелі емес, оның тек бір
кішкентай бөлшегі ғана. Құранда бұл ақиқат былайша
баян етіледі:
﴾ىَنْمُي ٍّيِنَّم نِّم ًةَفْطُن ُكَي ْمَلَأ ىًد ُس َكَرْتُي نَأ ُناَسنِ ْلا ُبَس ْحَيَأ﴿
«Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан) бос қоя
берілемін деп ойлай ма? Ол (әу баста) тамызылған
бір тамшы шәует емес пе еді?»
Шәуеттегі қоспа сұйықтар
Шәует сұйығы – тек аталық клеткалардан ғана
тұрмайтынын ғылым дәлелдеп отыр. Керісінше, ол
бір-бірінен бөлек әр түрлі сұйықтардың қоспасынан
тұрады. Бұл сұйықтар аталық клетканың қажет ететін
энергияны тасу, аналық клетканың кіре берісіндегі
түрлі қышқылдарды нейтралдау, аталық клетканың
қозғалысына қажет тайғақ ортаны ыңғайлау сияқты
қызметтері бар.
Ақиқат айнасы – Құранда шәуетті қоспа сұйық деп
бейнелеп, енді-енді ашылып жатқан ғылыми детальдарға
ишарат жасап тұрғаны таңдай қақтырады.
﴾... ٍجا َشْمَأ ٍةَف ْطُّن نِم َنا َسنِ ْلا اَنْقَل َخ اَّنِإ﴿
«Біз адамды әр түрлі аралас қоспа шәуеттен
жараттық...»
289
289
Инсан сүресі/2.
256
Ислам ғылымхалы
Сәбидің жынысы
Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клетка-
лар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алайда,
VII ғасырда түскен Құран Кәрімде бұл мәселе туралы
басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа
құйылған аталық сперматозоидтан жаратылғаны айты-
лады:
﴾ىَنْمُت اَذِإ ٍةَف ْطُّن نِم ىَثنُ ْلأاَو َرَكَّذلا ِنْي َجْوَّزلا َقَل َخ ُهَّنَأَو﴿
«Аллаһ Тағала ер мен әйел жұбын тамызылған
бір тамшы шәуеттен жаратты»
290
.
Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика
мен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде
дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клетка
тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жерде
ешқандай рөл ойнамайды.
Жыныс – адам ағзасындағы хромосомаларға бай-
ланысты. Ағзадағы барлығы 46 хромосоманың екеуі –
жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома
еркектерде ХY, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. Y хро-
мосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді
тасымалдайды.
Адам баласының түзілуі – жұптала жүретін осы
хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының
бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуі
де Х болса, еркектерде біреуі Х, екіншісі Y болады.
Демек, жаңа жаратылған сәбидің еркек немесе әйел
болуы – ана ағзасындағы Х хромосомасының аталық
клеткадағы Y немесе Х хромосомасымен бірігуіне бай-
ланысты болмақ.
290
Нәжім сүресі/45-46.
257
Намаз
Құрсаққа ілініп тұратын ет
Құран дариясына сүңги түссек, ана құрсағындағы
сәбидің даму кезеңдері туралы да көптеген деректерге
қанығамыз.
Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы
құралатын зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп,
өсе бастайды да, бір түйір етке ұқсайды. Алайда, зиготаның
бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болмағандықтан, ол ана
құрсағына жабысып, ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі
үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік
туады. Талайды таңғалдырған тағы бір ақиқат Құран
аятында былайша баяндалады:
﴾ ٍقَلَع ْنِم َنا َسنِ ْلا َقَل َخ َقَل َخ يِذَّلا َكِّبَر ِم ْساِب ْأَرْقا﴿
«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол
адамды жабысқақ нәрседен (жатырға жабысқан
клеткадан
291
) жаратты»
292
«Әлақ» сөзі араб тілінде – ұйыған қан және бір
жерге жабысып, ілініп тұрған нәрсе деген мағынаны
білдіреді.
Сүйектердің бұлшық етпен қапталуы
Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аяты
ана құрсағындағы сәбидің өсу кезеңдеріне тоқтала келе,
алдымен сүйектер бітіп, кейін сол сүйектерді бұлшық
еттер қаптайтыны туралы былайша сыр шертеді:
291
Негізінде жалпы тәпсіршілер «алақ» сөзін ұйыған қан пішінінде
көрінетін ұрықтандырылған клетканы айтады. Бірақ кейбір
кейінгі тәпсіршілер алақ сөзін жоғарыда айтылған жабысқан
клетка мағынасына да келетінін айтады.
292
Алақ сүресі/1-3.
258
Ислам ғылымхалы
ٍراَرَق يِف ًةَف ْطُن ُهاَنْلَع َج َّمُث ٍنيِط نِّم ٍةَل َلا ُس نِم َناَسنِ ْلا اَنْقَل َخ ْدَقَلَو﴿
َةَغ ْضُمْلا اَنْقَل َخَف ًةَغ ْضُم َةَقَلَعْلا اَنْقَل َخَف ًةَقَلَع َةَف ْطُّنلا اَنْقَل َخ َّمُث ٍنيِكَّم
ُن َس ْحَأ َُّلا َكَراَبَتَف َر َخآ ًاقْل َخ ُهاَنْأَشنَأ َّمُث ًام ْحَل َماَظِعْلا اَنْوَسَكَف ًاماَظِع
﴾ َنيِقِلا َخْلا
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан
жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде
мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны
алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны
мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа)
сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын
сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа
бір жаратылыс жасадық. Аллаһ – ең керемет
Жаратушы»
293
.
Ана құрсағындағы сәбидің өсіп-жетілуін зерттейтін
эмбриология ғылымы – көпке дейін сүйектер мен
бұлшық еттер бірге құралады деген қате тұжырымда
болып келген еді. Тек технологияның дамуы нәтижесінде
ақиқат айғақтарына қол жеткізіліп отыр.
14 ғасыр бұрын, яғни ғылым дамымаған, микроскоп,
УЗИ сияқты құралдардың жоқ кезінде құрсақтағы сәбидің
өсіп-жетілу, даму кезеңдерін дөп басып, бүге-шігесіне
дейін дәлме дәл айтып кеткен Құранның жаңалықтарын
соңғы технологиялардың көмегімен енді ғана тауып,
ашқан қазіргі эмбриология ғылымы Құранға еріксіз
таңқалып, ар-ожданы ояу жандар: «Сен Аллаһтың
шынайы кітабысың» – деуде.
293
Муминин сүресі/12-14.
259
Намаз
Биікке көтерілген сайын кеуденің қысылуы
Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мәні айт-
паса да белгілі. Біздің дем алуымыз – ауадағы оттегінің
өкпемізге кіруін қамтамасыз етеді. Ал, биіктеген сайын
жер шарының атмосферасы жұқара түсетіндіктен,
атмосфераның қысымы мен қан айналымына түсетін
оттегінің мөлшері азая түседі. Яғни, дем алу қиындай
түседі де, өкпе қысылады. Белгілі бір биіктіктен кейін
адам баласы дем ала алмайды. Теңіз деңгейінен 5000-7500
метр биіктіктегі адам дем алудың қиындығынан талып
та қалады. Осы жоғарыға көтерілген сайын оттегінің
азая түсетінін қазіргі ғылым соңғы ғасырларда тауып
отырса, Құран 1400 жыл бұрын былай деп дөп басып
айтып кеткен:
ُهَّل ِضُي نَأ ْدِرُي نَمَو ِمَلا ْسِلإِل ُهَرْد َص ْحَر ْشَي ُهَيِدْهَي نَأ ُ ّلا ِدِرُي نَمَف﴿
﴾ءاَم َّسلا يِف ُدَّع َّصَي اَمَّنَأَك ًاجَر َح ًاقِّي َض ُهَرْد َص ْلَع ْجَي
«Аллаһ кімді тура жолға салғысы келсе, оның
көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы
келсе, оның көкірегін бейне бір көкке көтеріліп бара
жатқандай қысады»
294
.
Пайғамбарымыздың ұшақ жасап, биікте көтеріліп
ұшпағанын және өмір сүрген Мекке, Мәдинаның
төңірегінде төбесіне шыққан адамның кеудесі
қысылатындай биік таулардың жоқтығын ескерсек,
бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у.) шынайы
пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында
қалайша бас имессің?!
294
Әнғам сүресі/125
260
Ислам ғылымхалы
Жаңбырдағы өлшемділік
Құран Кәрімде жаңбырдың белгілі бір мөлшерде
жауатыны туралы былай делінген:
َكِلَذَك ًَاتْيَّم ًةَدْلَب ِهِب اَنْرَشنَأَف ٍرَدَقِب ًءاَم ِءاَمَّسلا َنِم َلَّزَن يِذَّلاَو﴿
﴾ َنو ُجَر ْخُت
«Аллаһ Тағала көктен белгілі бір мөлшермен
су жіберуде. Біз онымен өлі бір өлкеге жан беріп,
құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта
тірілесіңдер»
295
.
Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшер де
технология мен ғылымның дамыған біздің заманымыз-
да табылып отыр. Зерттеулердің нәтижесі бойынша,
жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып
ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллион-
ды құрайды. Дәл осы мөлшер – бір жылда жер бетіне
жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады.
Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып
тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте сәл де болса бір өзгеріс
туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең
алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғады.
Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек
оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу
жылдамдығында да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз
дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен
салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен
құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді.
Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған
мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары – қандай биіктікте
295
Зухруф сүресі/11.
261
Намаз
болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы
орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды
296
.
• Атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға
таңғалып, оның иләһи кітап екендігін мойындап, рас-
тауы ойланғанға ғибрат. Мысалға: C. Харт: Құранның
Аллаһ тарапынан Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи арқылы
жіберілгендігін, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы
жіберілген Құран Кәрім екендігін..., Виктор Имбер-
дес: Құранның бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола
алатындай бай кітап екендігін..., Доктор М. Букайле:
Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін
қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да
ақиқаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын...,
Mr. Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалатындығын...,
Гете: Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуат күштің қайнар
көзі болып қала бермек... Капитан Кусто: «Қазіргі
ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға
ант етейін, ол – Аллаһтың хақ сөзі» десе, Абай атамыз:
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта
жалған болмас», – деп Құранның хақ екендігін бір-ақ
сөзбен тамаша түйіндеген.
Жолаушылық
Бір адам тұратын жерінен алыс жерге жолға
шыққаннан бастап, жолаушы саналады. Жолаушының
парыз намаздары қысқарады. Ғалымдардың есебі бойын-
ша, жаяу жүрген адам үш күндік жол жүрсе, яғни, шама-
мен 85-90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса,
296
Адем Якуп, Куран мужизелері. Несил Матбажылык, 2003 ж.
262
Ислам ғылымхалы
жолаушы саналады. Қазіргі замандағы көліктер де бұл
үкімді өзгертпейді. Бұл шақырым жаһандану әлеміне
сай келсе де, келмесе де ғалымдардың берген фәтуасы
осылай. Әлемде көптеген ауылдар бар. Әркімнің шамасы
бір емес. Дінде жеңілдік бар. Құранда Аллаһ Тағала былай
дейді: «Жер жүзінде сапарда болған уақыттарыңда,
кәпірлердің өздеріңе бір қастандық істеуінен
қорықсандар, намаздарыңды қысқартуларыңда күнә
жоқ»
297
.
Бұдан басқа қажылық, умра және ғазауатқа шыққан
кезінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) төрт рәкат намазын –
екі рәкат етіп қысқартып оқығаны жайлы көптеген хади-
стер бар. Яғни, төрт рәкат парыз намаздар екі рәкат етіліп,
оқылады. Ақшам мен таң намазы қысқартылмайды.
Жолаушылық үкімі қай жерден басталады?
Тұрған мекенінің (қала, ауыл) соңғы үйлерінен
өткен уақыттан бастап жолаушы саналады. Қаламен
бітісе орналасқан ауылдар да қала саналып, олардан
өткен кезде ғана жолаушылық үкімі жүреді. Яғни, на-
маздарын қысқартып оқи алады. Қала біткеннен кейін
кездесетін бірең-саран үйлер есепке алынбайды.
Жолаушы өз жерінен бөгде жерге барып, сол жерде
он бес күн, яки одан да көп мерзім қалуға ниет етсе,
тұрғын саналып, жолаушылық үкімінен шығады. Егер де
он бес күннен аз қалуға ниет етсе, намаздарын қысқартып
оқиды. Жолаушы үйіне қайтып келгенге дейін жолаушы
саналады. Негізгі тұрған жерінен көшіп, басқа жерге
толық орналасқаннан кейін, көшкен жеріне он бес күннен
аз мерзім үшін қайта келсе, намазын қысқартып оқиды.
297
Ниса, 4/101.
263
Намаз
Жолаушылық үкімінің тоқтауы үшін 15 күн тұруды ниет
еткен жер – бір жер болуы керек. Егер бөлек-бөлек жер-
лерде жалпы 15 күн қалуды ниет етсе, жолаушылық
үкімінен шықпайды. Мысалы, 10 күн Атырауда, 5 яки
14 күн Қарағандыда болуды ниет етсе, жолаушылығы
бітпегендіктен намаздарын қысқартып оқи береді. 15 күн
қалу ниеті бірден ниет етілу керек. Егер 7 күн қаламын
деп ниет етіп, жеті күн өткеннен кейін кейбір себептер-
ге байланысты тағы да 10 күн қалуды ниет етсе, қалған
күндерінің жалпы саны 17 күн бола тұра жолаушылық
үкімі тоқтамайды. Өйткені уақыттар бөлек-бөлек ниет
етіліп, белгіленіп отыр. Жолаушылық уақыты бітпесе де
бір жерде 15 күн тұруды ниет ету арқылы жолаушылық
үкімі тоқтайды. Намаздарын қысқартпастан толық
оқиды.
Жолаушы 85-90 шақырым жол жүргеннен кейін,
жарты жолдан үйіне қайтуды ниет етсе, үйіне келгенге
дейін жолаушы саналады. Яғни, тек қана үйге қайту ниеті
жолаушылықтан шығармайды.
Намаз жамағатпен оқылғанда тұрғын – жолаушыға,
жолаушы – тұрғынға ұюына болады. Бірақ тұрғын
адам жолаушыға ұйығанда, екі рәкаттан кейін жолау-
шы имамның сәлем беруін күтеді. Жолаушы имам екі
жаққа сәлем берген кезде, тұрғын сәлем бермей, ор-
нынан тұрып қалған екі рәкатын толықтырып оқиды.
Ал егер жолаушы тұрғынға ұйыған жағдайда, намазын
төрт рәкат етіп, толық оқиды. Имамға бағыну шарт.
Жолаушылық кезде қаза болған намаздардың қазасын
кейін жай уақытта оқыған жағдайда да екі рәкат қылып
қысқартып оқиды. Сол сияқты жай уақытта қаза болған
264
Ислам ғылымхалы
намаздардың қазасын жолаушы болған уақытта оқыса,
қысқартпай толық оқиды.
Қателік сәждесі
(сәһу сәждесі)
Қателік сәждесі намазда жасалынған кейбір
қателіктердің түзетіліп, намаздың дұрыс болуы үшін
намаздың соңында жасалатын қосымша екі сәжде. Адам
намазда жаңылысып намаздың бір парызын кешіктірсе,
немесе артық істесе, яки бір уәжіпті ұмытып тәрк етсе,
кешіктірсе, намаздың ақырында қателесу сәждесін жа-
сайды.
Қателік сәждесі қалай жасалады?
Бұл сәждені жасайтын адам соңғы отырыста әт-
тахиятты оқығаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, қайта
«Аллаһу әкбар» деп, екі рет сәждеге барып, қайта отыра-
ды. Одан кейін әрі қарай қайтадан «әт-тахият» дұғасын,
салауат, «Рәббәнә әәтина» дұғасын оқып, екі жаққа
сәлем береді. Егер Имам қателессе, тек қана бір жағына
сәлем беріп, екі сәжде жасайды. Екі жаққа сәлем беретін
болса, жамағат намаз бітті деп ойлап қалып, тұрып кетуі
ықтимал.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім
намазда шүбәланса, дұрысы қайсысы екенін ойлап,
намазын қанағаттанған ойына қарай толықтырсын.
Сосын сәлем берсін де, қателік сәждесін жасасын,
яғни жаңылғаны үшін екі сәжде жасасын»
298
. Басқа
бір хадисте: «Кімде-кім намазын төрт рәкат па, әлде
298
Бухари, Салат, 31.
265
Намаз
үш рәкат па оқығанына шүбәланса, шүбәсін тастап,
анық білгенімен намазын толықтырсын. Соңғы сәлемді
бермей екі сәжде жасасын. Егер бес рәкат оқыса,
сәжделер намазына шапағатшы болмақ. Ал егер нама-
зын толық оқыған болса, сәжделер шайтанның алыс-
тауына себеп болады»
299
.
Сәһу сәждесін қажет ететін жағдайлар:
1. «Фатихадан» кейін қосымша сүре оқымастан
рүкүғқа бару. Рүкүғте тұрған кезде есіне түссе қайта
қиямға барып, қосымша сүрені оқып рүкүғке барады.
Намаздың соңында сәһу сәждесін жасайды.
2. Ұмытып «Фатиха» сүресін екі рет оқу.
3. Ұмытып үтір намазының тәкбірін және құныт
дұғасын оқымау.
4. Төрт рәкатты намаздарда екі рәкат оқығаннан
кейін отыруды ұмытып, үшінші рәкатқа тұру. Яғни
алғашқы отырысты ұмыту. Бұндай жағдайда егер үшінші
рәкатқа толық, яки (тізелері ашылып) қиямға жақын
тұрып қойса, намазын әрі қарай жалғастырып, соңында
сәһу сәждесін жасайды. Ал, егер отырысқа жақынырақ
күйде болса, үшінші рәкатқа тұрмай отырады. Сәһу
сәждесін жасамайды.
5. Бірінші отырыста «әт-тахият» дұғасын оқығаннан
кейін дереу тұрмай «салауат» және басқа дұғаларды оқу
яки намаздың бір рүкіні (парызы) орындалатындай уақыт
отыру. Егер салауаттан бір сөйлемдей оқып қойса сәһу
сәждесі жасады. Мысалы, «Аллаһумма салли а’ла Му-
хаммад» сияқты. Ал егер бір сөйлемнен аз болса сәһу
сәждесі қажет емес.
299
Бухари, Сәһу, 6-7.
266
Ислам ғылымхалы
6. Төрт рәкатты парыз намаздардың соңғы
рәкатынан кейін отырмай шатасып, дереу бесінші рәкатқа
тұрған жағдайда, егер әлі бесінші рәкаттың сәждесін
жасамаған болса, дереу соңғы отырысқа отырады. «Әт-
тахият» дұғасын оқығаннан кейін сәлем беріп, сәһу
сәждесін жасайды. Өйткені парыз болған соңғы отырыс
кешіктірілді. Ал егер бесінші рәкаттың сәждесін жасап
қойған болса, тағы бір рәкат қосып, алты рәкат қылып
тамамдайды. Бұл алты рәкаттық намазы парыз емес,
нәпіл намазға айналып кеткендіктен парызды қайтадан
оқиды.
7. Төрт рәкатты парыз намаздардың соңғы
рәкатынан кейін отырып «әт-тахият» дұғасын оқығаннан
кейін немесе оқитындай уақыт отырғаннан кейін шата-
сып, бесінші рәкатқа тұрған жағдайда, егер әлі бесінші
рәкаттың сәждесін жасамаған болса, дереу отырып, «әт-
тахият» дұғасын оқығаннан кейін сәһу сәждесін жасап,
намазын тәмамдайды. Ал егер бесінші рәкаттың сәждесін
жасап қойған болса, тағы бір рәкат қосып оқиды. Бұл
алты рәкаттық намаздың төрті парыз ретінде екеуі нәпіл
ретінде жүреді. Намаздың соңында сәһу сәждесі жасала-
ды. Парызды қайтадан оқу қажет емес. Өйткені, төртінші
рәкаттан кейін «әт-тахият» дұғасы оқылғандықтан, яки
оқылатындай уақыт отырғандықтан парыз болған соңғы
отырыс орындалып отыр. Уәжіп болған сәлем беру
кешіктірілгендіктен алтыншы рәкаттың соңында сәһу
сәждесі жасалады.
8. Жария оқылатын намаздарды құпия, ал құпия
оқылатын намаздарды жария оқу. Мысалы, бесін на-
мазында «Фатиха» сүресі мен қосымша сүрені дауы-
стап оқып, ақшам намазында құпия оқу сияқты. Бұлай
267
Намаз
оқылған намазда сәһу сәждесі жасалады. Намаздағы
тәсбих, тәкбірлерді жария айту сәһу сәждесін қажет
етпейді.
9. Намазда бір рүкін яғни, намаздың ішіндегі бір
парыз орындалатындай уақыт ойлану. Мысалға, үш рәкат
оқыдым ба, жоқ әлде төрт рәкат оқыдым ба деп, бір рүкін
орындалатындай уақыт ойлануы немесе «Фатихадан»
кейін қай сүрені оқитынын бір рүкін орындалатындай
уақыт ойлану сәһу сәждесін қажет етеді.
Ескерту:
Намазда сәһу сәждесін қажет ететін бірнеше қате
үшін бір сәһу сәждесі жеткілікті.
Имамға кейіннен қосылған адам өзі оқыған
рәкаттарда қате жасаса, сол қатесі үшін сәһу сәждесін
жасайды.
Намазда оқып тұрған сүрені жалғастыра алмай,
басқа сүреге өтетін болса, сәһу сәждесі қажет емес.
Оқып жатқан намазының рәкаттарының санында
жаңылысып, күмәнданған адам, егер бұндай жаңылысу
мен күмән бірінші рет болып тұрса, намазын қайтадан
оқиды. Ал егер бұндай күмән жиі-жиі кездесіп тұратын
болса, жүрегінің басымырақ таңдағанына қарай на-
мазын жалғастырады. Мысалы, таң намазының «бір
рәкатын оқыдым ба, жоқ әлде екі рәкатын оқыдым
ба?» – деп күмәнданып, бір рәкат оқығанына көңілі
толып, жүрегі үкім берсе, тағы бір рәкат оқып, нама-
зын тәмамдайды. Күмәнданып, кідіргені үшін артынан
сәһу сәждесін жасайды. Керісінше екі рәкат оқығанына
көңілі толып, жүрегі үкім берсе, тәшәһһудке отырып,
сәлем бергеннен кейін сәһу сәждесін жасайды. Бір
рәкат оқығанын немесе екі рәкат оқығанын басымырақ
268
Ислам ғылымхалы
етіп таңдай алмай, көңілі толмаған жағдайда, ең азын
негізге алып, намазын жалғастырады. Мысалы, таң
намазының бір рәкатын оқыдым деп, тағы бір рәкат
қосып оқиды. Бірақ күмәнданған бірінші рәкатынан
соң, тәшәһһудке отырғаннан кейін ғана екінші рәкатын
қосып оқиды. Өйткені, бірінші рәкаты екінші рәкат
болып қалу ықтималы болғандықтан, екінші рәкаттан
кейін ақырғы отырысқа отыру – парыз. Екінші рәкатты
қосып оқығаннан кейін, сәһу сәждесін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |