Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет119/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   144
ЖЫЛҚЫ.  Жылқы – тақ  тұяқты  ірі  қара,  төрт  түліктің  бірі.  Бұл 
жылқы атауына ҚТС-нде берілген анықтама [ҚТТС]. Жылқы атауының 
тақ тұяқты ірі қара мағынасын тек тарихи деректерден кездестірмесек,
дəл  қазіргі  күнде  тек  төрт  түліктің  бірі  ретіндегі  мағынасы  ғана  сақ-
талынған.  Мəселен, «Диуани  лұғат-ит  түркте»  малдың  жалпы  атауы 
ретінде йылқы сөзі берілген. 
«Күлтегін»  ескерткішінде  йылқы  сөзіне  -сығ  жұрнағы  жалғану 
арқылы  йылқысығ – «бай,  дəулетті»  деген  ұғым  тудыратын  жаңа  сөз 
жасалатын көрінеді [ДТС, 267 ]. Малдың оның ішінде жылқының байлық 
көзі болып есептелінетінін біз қазақ өмірінен жақсы білеміз. Аталмыш 
жəдігерлікте  осы  сөздің  йылсығ  деген  тұлғасы  бар  [ДТС, 267], негізгі 


180
түбірі йыл болса керек. ДТС-да «скот» деген мағынасы берілген [ДТС, 
267].
М.Қашқаридың  сөздігінде  жылқы  сөзі  үйірде  жүрген  малдың 
жалпы атауын білдіреді. Жылқы сөзінің мағынасы қазіргі қазақ тілінде 
де  осындай.  Зерттеуші  А.М.Щербак  бұл  сөз  туралы  «оно  обозначало 
первоначально «табун» и в этом значении ассоцировалось с табунными 
животными,  наиболее  важное  место  среди  которых  занимало  лошадь» 
деп  жаза  отырып,  Г.Вамберидің «jilki» сөзі «jil» - жинау,  біріктіру 
етістігінен болуы мүмкін деген пікіріне назар аударуды жөн көреді [15]. 
Қорыта айтқанда, «жылқы» атауы «йығ» - бір жерге жинау (көне түркі) 
мағынасын  береді.  Айғыр,  ат,  бие,  құлын,  тай  атауларының  жиынын 
«үйір»  деген  ұғымды  білдіретін  «чылғы»  сөзі  бар  екендігін  ескерсек, 
«жылқының»  алғашқы  мағынасы  осы  «үйір», «табын», «мал  тобы» 
дегенге келеді.
Ат  деген  сөзбен  салыстырғанда  жылқы  деген  атау  жыныстық 
ерекшелікті білдірмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет