139
дызы Қайманы алды (К.Оразалин. Ақ жазық...). Алматы‚ Жамбыл
өңіріндегі қазақтар тілінде
балдыз сөзі тек қана қыз балаларға қатысты
қолданылады. Мұны еске салып отырған себебіміз - сөз төркінін іздес-
тіру барысында осылайша қолданудың қолдау табатын жағдайы бар.
Якут тілінде
балдыз сөзімен тұлғалас
балыс та кездеседі. Мағынасы –
1. жасы кіші адам; 2. қарындас [ЯкРС]. Мұндағы екінші мағына‚
сөз жоқ, туынды. Ал монғол тілінде балчир – “кішкентай” (адамға
қатысты айтылады) жəне “жас”‚ “нөжік” [ҚазМС]. Ертедегі түркі-жазба
ескерткіштері тілінде əйелдің сіңлілері
балтыр тұлғасында ұшырасады.
Келтірілген тілдік деректерді саралар болсақ‚ сөздің ілкі
бал түбі-
рінің о бастағы “кіші”‚ “жас” дегенді білдіргенін аңғаруға болады [20].
ШАҚША ... шақша атауы өзі жасалған заттың атынан‚ яғни мүйізге
қатысты пайда болған. Ертеректе қазақтар малдың мүйізін
шақ‚ шах
деп атаса‚ өзбектер оны
шох деген. Өзбекстандағы қазақтар тілінде
шақ - “мүйіз”. Əдеби тіліміздегі “мүйізің шықты ма?”‚ “мүйіз шықпас”
сөз орамдары мұндағы тұрғындар тілінде “
шақ шықты ма?” түрінде
айтылады [21]. Батыс Қазақстан тұрғындары тіліндегі
шақыл сөзінің
мағынасы – “ай мүйіз” [22] Қарақалпақстанда тұратын бауырларымыз
тілінде
“Сиырдың шақына ұрсаң‚ аңдалы сырқырайды”‚
“Адам -
тілінен‚ мал - шақынан” секілді мақал-мөтелдер кездеседі [23].
Сонымен,
шақша сөзінің шығу тарихы мүйізге жəне бір кезде ті-
лімізде мүйіздің синонимі ретінде қолданылған
шақ сөзіне байланысты
екен. Кішірейту мағынасын беретін -
ша жұрнағы жалғанып‚ о баста қол-
ға ұстауға ыңғайлы‚ “кішкене мүйіз” деген мағынаны білдірген демекпіз.
Ал сөз төркініне үңіліп‚ тіл тарихына тереңдеп барсақ‚
шақ сөзі
өзбек‚ тəжік тілдері арқылы ауысқан парсы сөзі екенін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: