"Алтын кілт" бөбекжай бақшасы Қимылды ойындар жинағы "Шаңырақ" ортаңғы тобы



бет26/45
Дата07.02.2022
өлшемі53,48 Kb.
#83320
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
Қимылды ойындар ортаңғы тобы

Өткізуге ұсыныс: мұғалім орындықтың астына еңбектегенде балалардың арқаларының орындыққа тиіп кетеуін қадағалау керек. Орындықтың орнына доғаларды немесе орындыққа сүйкеп қойылған таяқшаларды қолдануға болады.
24."Түрлі-түсті көліктер" қимылды ойыны
Білім беру саласы: "денсаулық"
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: әр жаққа жүгіруге жаттықтыру.
Міндеттері: балаларды мұғалімнің белгісі бойынша қозғалуға, ептілікке, сенімділікке үйрету және залда немесе алаңқайда бағдарлау және жалаушаларды түсіне қарай табу дағдысын дамыту; ұжымда тату ойнай білуге тәрбиелеу.
Жасы:3-4 жас
Өткізілетін орны: топ бөлмесі, зал, ауладағы спорт алаңқайы.
Құрал-жабдықтар: әр балаға дөңгелек- рөл( кіші диаметрлі құрсау немесе қатты қағаздан жасалған дөңгелекшелер); сары,көк, жасыл,қызыл түсті жалаушалар.
Ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Балалар залдың бшетіне қарай орналасады,олар-автокөліктер. Әрқайсысына түрлі түсті дөңгелек -рөл( кіші диаметрлі құрсау немесе қатты қағаздан жасалған дөңгелекшелер)беріледі.Мұғалім залдың ортасында, оның қолында 3 түрлі түсті жалауша бар. Ол қандайда бір түстегі жалаушаны көтереді. Осындай түстегі жалаушалары бар балалар залдың ішінде әр жаққа жүгіре бастайды. Олар автокөліктерге ұқсап гуілдейді. Мұғалім жалаушаны түсіргенде балалар тоқтайды. Мұғалім басқа түстегі жалаушаны көтергенде басқа түстегі балалар жүгіре бастайды, т.с.с. Мұғалім жалаушагың бір,екі немесе үш түсін де көтере береді, сәйкесінше мәшинелер де жүре бастайды.
Мұғалімнің жалаушаларды көтермей-ақ, жай ғана "көк түсті автокөліктер жүреді, қызыл түсті автокөліктер тұраққа қайтады" деп айтуына да болады.
№25."Өз түсіңді тап" қимылды ойыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет