ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
1.Аталған тақырыптың бірін таңдап алу.
2. Көзқарастары сәйкес келетін сөйлеушілерді белгілеу.
3. Дәлелдейтін тезистерін анықтау.
4. Дебетқа қатысушылардың бір-біріне сыпайы түрде «сіз» үлгісінде тілдесу.
5. Регламент сақтау.
6. Қарсылас сөзін бөлмей,соңына дейін тыңдау.
7. Қарсыласқа сұраққа жауап берген соң,алғыс айту.
8. Егер қарсылас сұрағына жауап бере алмаса, соңында қорытынды сөзде жауап беруді ұмытпау.
9. Қарсылас сөзінің соңын көрермендермен бірге қолпаштап отыру (қол шапалақтау)
10. Соңында өз топ мүшелерінің , қарсыластарының қолын алып, алғыс айту. Дебатқа түсушілер «Әркімнің өз пікірі өзіне құнды» деген қағиданы ұмытпағаны жөн.