§4. Триггер Триггер – жұмысы екі күйге негізделген және ақпаратты 0 немесе 1 бірлік ретінде сақтауға болатын, компьютер жадының негізгі элементі. Яғни, қарапайым сөзбен айтқанда, компьютердегі жадлы регистрлері, тұрақты және жедел есте сақтау құрылғылары осы триггерлерден тұрады. Триггерді қарапайым логикалық элементтерден құруға болады. Қазіргі заманғы электроникада триггерлер логикалық элемент негізінде құрылған микросхема түрінде орындалады. Триггерлерді функционалды белгісі және басқару әдісі бойынша топтауға болады. Функциональды белгісі бойынша триггерлер RS, Т, D, JK болып бөлінеді. Басқару әдісі бойынша – асинхронды және синхронды. Синхронды триггерлерде ақпарат тек синхросигнал болғанда жазылады. ал асинхрондыды – кез-келген уақытта. Одан басқа, триггерлер бір тактты және екі тактты болады. Бір тактты тригерлерде жазба сигнал жазбасының алдыңғы фронтымен жүргізіледі, ал екітактты – артқы фронтымен жүргізіледі.
Триггер деп, электрондық есептеуіш машиналарында, автоматика мен телемеханиада әртүрлі операциялар орындауға арналған, яғни алынған информация сақтауға /сақтағыш құрылғы/, уақыт датчигі схемасында және цифрлы санауыштарда импульстарды санауға, цифрлы жиілікті бөлгіштерде қолданылатын электрондық ауыстырып қосылғыш құрылғыны немесе аударылып түскіш құрылғыны айтады.
Бір тактты асинхронды RS-триггер.
Біртактты асинхронды RS-триггердің қарапайым сұлбасы:
RS-триггердің шартты бейнесі
Бұл триггер S=1; R=0 ақпараттық сигналдарымен 1 (Q=1) жағдайына және S=0, R=1 сигналдарымен О (Q=0) жағдайына орнайды. R=S=1 сигналдар комбинациясы тиым салынған, яғни триггер жағдайы анықталмаған.
1-Таблицада триггердің бір жағдайдан басқа жағдайға өтуін көрсетеді. Бұнда Rt, St, Qt -сигналдардың ағымдағы жағдайы, Qt+1 – R және S ақпараттық сигналдары түскеннен кейінгі шығыс сигналы.
Таблица 1
Бір тактты синхронды RS-триггер.
Асинхрондыға қарағанда бұл триггер әрбір ақпараттық кірісте қосымша ұқсастық сұлбасына ие, бірінші кірістер біріккен және оларға синхронды сигналдар түседі. Екінші кірістер ұқсастық сұлбасы ақпараттық болып табылады.
Шартты бейнесі
Т-ТИПТІ ТРИГГЕР
Т-типті триггер(ағылш. Tumble- аударылу ), немесе сандық триггер. Бұл триггерде бір ақпараттық кірісі бар және қарама – қарсы жағдайға, оның әрбір кезектегі сигнал кірісіне әсер етуі нәтижесінде өтеді. 5.2 Суретте екітактты асинхронды Т-триггердің сұлбасы көрсетілген. 6.2 суретте оның шартты бейнесі.
T=1 болғанда инвертор шығысында сигнал 0-ге тең және Т-2 триггер жағдайы өзгермейді, өйткені Q-1, Q-1 шығыстарынан Т-2-ге сигналдар өтпейді.
JK- триггер
Бұл әмбебап триггер, J және К ақпараттық кіріс және С синхронды кіріске ие.
JK триггер екібаспалы Т триггерден үшкірістік элементті қолдану жолымен алады.
Теориялық мәліметтер осымен аяқталды, енді практикаға көшіп,
бір тактты синхронды RS-триггердің жұмысын зерттеп көрейік:
Жұмыстың орындалу барысы:
1. Ол үшін ELECTRONIC WORKBENCH схемотехникалық моделдеу бағдарламасын жүктеп аламыз. Electronic Workbench (EWB) жұмыс ортасында триггердің сұлбасын жинаймыз. Триггердің жағдайын бақылау үшін Probe индикаторлық элементін қолданамыз. Ақпараттық сигналдарды беру үшін Сөздер генераторын (Word Generator) қолданамыз. Уақытша диаграммаларды түсіру үшін Сигналдар анализаторын(Logic Analyzer) пайдаланамыз.
D – триггер деген атау ағылшын сөзі «delay» — кідірту дегеннен шыққан. Триггердің шартты белісінде көрсетілгендей (86, а суретте ), оның бір информациялық кірісі бар. Осы триггер 7 – шындық кестесіне сәйкес қарапайым логика бойынша жұмыс істейді.
Сондықтан триггерлердің шығысындағы жағдай оның кірісіндегі күйге сәйкес болады, бірақ осы арада кіріс сигнал кідіртіледі. Ең көп қолданыс тапқан, И – НЕ логикалық элементтерінен құрылған (86, б сурет) синхрондық D – триггерлер. Информациялық кіріс D-әрәпімен белгіленіп, ал синхрондайтын С-әріпімен белгіленеді, D–триггер С=1сигналымен синхрондалады. Синхрондайтын импульс жоқ болса, А1 мен А2элементтер жабықта, D – кірісіне сигнал берілмеген схеманың күйін өзгетпейді. С=1 және D=1 болғанда А1 элементінің шығысы нда «0» күйі қалыптасады, бұл сигнал А3 пен А4 элементтерінің кірістеріне әрекет етіп, триггерді «1» күйіне келтіреді де, бір уақытта А2 элементінің қосылуын болдырмайды. С=1 және D=0 болғанда А1 элементі жабық болып қалады. (шығысында «1» күйі), А2 элементі ашылып, оның шығысында «0» күйі қалыптасады да, триггер енді «0» күйіне келтіріледі. Сөйтіп, С=1 синхрондайтын импульсты бергенде триггерде информация жазылады, осы уақыт сәтіне дейін информациялық кіріс D – да кіріп тұрған болатын.