«Сен кімсің, менің серіктесім?» іскер ойыны
Ойын мақсаты: Балаларға басқа адамдармен байланыс жасай білуді үйрету, коммуникативті қабілетін арттыру.
Ойынға қажетті көрнекіліктер: ойынға қатысушы балалардың есімдері жазылған кеспе қағаздар
Ойын ережесі
Ойын бірін-бірі жақсы тани қоймайтын аудиторияда өткізіледі. Ойын қорытындысын бағалап отыратын 3-4 оқушыдан тұратын әділ-қазы мүшелері тағайындалады.
Ойынды жүргізуші ойынға қатысушылардың есімдері жазылған карточканы таратып шығады. 10-12 минут ішінде әрбір ойынға қатысушы карточкаға есімі жазылған адамды тауып, сол адам туралы мәлімет жиналып, сол адам туралы өзінің пікірін айтып, карточканы әділ-қазы мүшелеріне өткізеді.
Мәліметті тез, әрі толық жинаған қатысушылар бағаланады. Өзінің серіктесі туралы шынайы айта білген қатысушы жеңімпаз болып жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |