- Қанның жалпы анализінде: постгеморрагиялық анемия, ретикулоцитоз, қан сарысуында жəне зəрде амилаза белсенділігінің артуы (ойықжараның ұйқыбезге тесілуінде немесе реактивті панкреатитте). Бауыр биохимиялық сынамаларының өзгеруі мүмкін (бейспецификалық реактивті гепатитте АЛТ, АСТ белсенділігінің артуы, қабынбалық-деструктивті процесске фатер емізігінің кіруі кезінде тура билирубин). Ойықжарадан қан ағу кезінде нəжістегі жасырын қанға реакция оң болады.
- НР болуы микроскопиялық, серологиялық тесттермен жəне уреазды тыныстық тестпен (төменнен қара) расталады.
Достарыңызбен бөлісу: |