Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет16/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Ас қорыту ферменттерi бауыр және бауырында өтi болады. Өт –өт жолы арқылы iшектiң баулық тәрiздi алдыңғы бөлiмiне ашылады. Ұйқы безi айқын байқалмай ұсақ түйiр түрiнде шашырап жатады, бiрақ шемiршектi балықтардiкiнен әлдеқайда жақсы дамыған.
Жыныс жүйесi. Сүйектi балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездерi болады. Жыныс түтiкшелерiнiң құрылысы балықтардың әртүрлi топтарында түрлiше болады. Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдiр қабығы болады. Ұрғашы балық уылдырық шашу алдында уылдырықтарын бiр жерге салады, содан кейiн еркегi iшiнде шәуетi (сперматозиод) бар ұрық сұйықтығын құяды. Сөйтiп ұрықтану болады. Балықтарда қос жыныстылық (гермафродиттiк) өте сирек кездеседi. Бiрақта теңiз алабұғасы нағыз гермафродит болып саналады.
Уылдырықтар ұрықтанысымен бiрте-бiре өзгере отырып, дамиды да, одан кейiн личинка өсiп шығады, ол личинка шабаққа айналады. Ұрықтану сыртта су iшiнде болғандықтан гаметалар, ұрықтар мен шабақтардың көбi табиғаттың қолайсыз жағдайларынан, басқа су жануарларының жеп қоюынан өлiп қалады. Осыған байланысты сүйектi балықтардың түрдi сақтап қалу мақсатында өсiмталдылығы (плодовитость) өте жоғары. Мысалы тұқы балық 1 млн. аса уылдырық шашады, шортан – 1млн.(треска) нәлiм және (угорь) жылан балықтар – 10 млн. уылдырық шашады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Балықтар класына жалпы сипаттама

  2. Балықтар класының систематикасы.

  3. Шеміршекті балықтардың қурылыс ерекшеліктері

  4. Шеміршекті балықтардың қанқасы.

  5. Шеміршекті балықтардың нерв жуйесі

  6. Шеміршекті балықтардың сезім мушелері

  7. Акуланың сыртқы қурылысы

  8. Акуланың ішкі қурылысының ерекшелігі

  9. Акулалардың турлері

  10. Скаттардың ерекшелігі

  11. Скаттардың турлері



Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет