САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
58
арасында тұтанатын болады».
Басқаша айтқанда, өркениеттік құрылымдар арасында
қылаң беріп келе жатқан немесе пайда болып үлгерген
«сызат» жолағы саяси жүйелерді ажырату жолағы болады.
Осы сынды салыстырмалы түрде автономды және дербес
саяси жүйелер ретінде келесі өркениеттерді бөліп көрсетеді:
• батыстық;
• конфуциандық;
• жапондық;
• исламдық;
• индуистық;
• славяндық-православтық;
• латынамерикалық;
• африкалық.
Адамзат қауымының ең кең деңгейін көрсететін бұл
өркениеттер, сөзсіз белгілі бітұтастыққа қана емес, белгілі
бір әртектілікке ие. Мәселен, Жапония жағдайын алсақ,
өркениет бір елді қамтып тұр, алайда басқа нұсқалардың
көбінде мұндай саяси жүйелерге түрлі ұлт-мемлекеттер
қосылуы мүмкін.
Бұл саяси жүйелер қарым-қатынасының ерекше сипаты
олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды еріксіз
түрде күшейте береді, жекелей алғанда мемлекетаралық
теке-тірестің аймақтық сипаты, мемлекеттік шекаралармен
бөлінген халықтардың территориялық арыз-талаптарының
кеңеюі т.б.
28
Достарыңызбен бөлісу: