Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы



бет10/10
Дата22.03.2017
өлшемі13,97 Mb.
#12147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


  1. Неше дыбыс бар ?

  2. Неше әріп бар ?

  3. Дауысты дыбыс нешеу ?

  4. Дауыссыз дыбыс нешеу ?

ІІІ. Жаңа сабақ «Ой шақыру»

  • Жаңа сабақ жұмбақ шешу арқылы баяндалады.

Жер қатпарын қашайды,

Тау да, сай да жасайды

Қыршылдатып тістерін

Топырақты асайды /Экскаватор/



  • Міне, балалар бүгінгі сабақта Э дыбысымен танысамыз.

Э дыбысы - дауысты дыбыс.

Экскаватор сөзінде неше буын бар?





Экс



- ка


- ва


-тор


ІV. Әліппе - дәптермен жұмыс

Экскаватор - жерден топырақты қазады,оны машинаға тиейді.

Құдықта қазады. Ауыл шаруашылығы үшін өте пайдалы трактордың бір

түрі.


Экран – теледидар экраны; Электр-ток көзінен келетін жарық

  • Енді осы сөздерді текшелермен буынға бөлейік

  • Э – кран ; Э –лектр

  • Э дыбысына байланысты кісі аттарын білеміз бе?

  • Эльмира,Эльвира, Эленора

  • Э дыбысы сөздің басында, сөздің ортасында кездеседі. Э дыбысы қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады


V. Сергіту сәті

«Көктем» әні

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала

Аспандағы ақ құстар



Ауылымды арала




VІ. Шығармашылық жұмыс

«Галлереяны шарлау»

І – топ экран суретін салу

ІІ- топ экран сөзіне сөйлем құрау

ІІІ- топ экран сөзіне дыбыстық талдау жасау



VІІ. Ойын: «Кім шапшаң»

Шарты: экранда жазылған сөздерді оқы, э дыбысын ажырат





VІІІ. Әліпбимен жұмыс

Әліпбидің кез-келген әріпті көрсетеді.Атын атайды, сөз ойлайды, буынға бөледі



ІХ. Қорытындылау

  • Қандай дыбыспен таныстық?

Х.Мадақтау /жұлдызшамен мадақтау/

Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады. Оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі.

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз - барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тап-қырлық қабілетін оятады. Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп-салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

 Тәрбиеші ретінде, оқу процесі барысында, өзім де балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесемін.

  Ойынның қандай да бір түрін қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын - ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мінез - құлықты тәрбиелеуде де ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.

Қорытындылай келе, сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлерімен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір бөлігі. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді , жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арта түседі. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да ол – сабақтың, еңбектің жиынтығы.

 Ойын - баланың жан серігі. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді деп есептеймін.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, ҚР МЖМБС 1.001 – 2009,Астана

  2. Оқу бағдарламасы 5 – 7 жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу -Семей, 1999

  3. Әмірова Ә.С Сауат ашу және жазу. Әдістемелік құрал. - Алматы,

«Алматы кітап», 2006, 3 – 4 бет

  1. Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту -Алматы : Рауан, 1991

  2. Тілашар,2008 / 3 бет

  3. «Мектепалды даярлық» журналы, №5.2007 / 8 бет

  4. «Отбасы, балабақша» журналы, 2003 / 9-10 бет

  5. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.

  6. Игенбаева Б, Ерекешова К, Шырынбаева Г Ойнаймыз, ойлаймыз,

оқимыз,жазамыз - Алматы, 2009

  1. «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет