136
сөйлемесе, онда қазақ тілі ешқашан шынайы мемлекет тілі болмақ емес. Ал дұрыс термин
жасау – тілдің ғылым тіліне айналуының алғашқы баспалдағы.
Педагогика ғылымының докторы, профессор Иманмәлік Нұғыманов "Химия тілі және оның
оқу процесіндегі қызмет етуінің дидактикалық негіздері" атты диссертациясында қазақ тіліндегі
химиялық терминдердің қалыптасуын шартты түрде үшке бөледі:
1) 1920-1933 жылдарды қамтитын алғашқы кезең;
2) 1934-1949 жылдар аралығындағы кезең;
3) 1950-1964 жылдар аралығындағы кезең. Зерттеуші әр кезеңге тән ерекшелікті төмендегідей
сипаттайды.
Бірінші кезең қазақ мектебін ана тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз ету міндетін
жүзеге асырумен байланысты сипатталады. Бұл кезеңде қазақша химия оқулықтарын
жазумен қоса, орыс тіліндегі химия оқу құралдарын қазақшаға аудару ісі белең алды.
Терминдер жасалуының мынадай тәсілдері байқалды:
1.
Заттардың бұрыннан келе жатқан тұрмыстағы атауларын пайдалану:
алтын, күміс,
қорғасын, күкірт, сынап, темір, мыс, қалайы.
Бұл терминдер жаңа мағынаға ие болып, заттармен
бірге оларды құрайтын химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын атау үшін қолданылды.
2.
Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген атауларды пайдалану.
3.
Біраз химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының аттары калька жасау арқылы
алынған, бұлар орыс тіліне де осы тәсілмен келген терминдер:
гидрогениум – водород – сутек,
карбонеум – углерод – көміртек, оксигениум – кислород – оттек, известковое молоко – ізбес сүті,
белильная известь – ағартқыш ізбес
және т.б.
4.
Қазақша баламасы табылмаған химиялық элементтердің және заттардың орыс тіліндегі
атаулары фонетикалық жағынан өзгертіліп алынған:
кальций – кальций, магний – магнез, иод – ыйод,
каучук – қаушық, амальгама – әмелгем.
5.
Номенклатуралық терминдер жасауда сөз қосымшалары -ты, -ті, -лы, -лі, -лау, -лылау және
т.б. кеңінен іске жаратылды.
Бұл кезеңде қазақтың химиялық номенклатурасының негізі қаланды. Олардың көпшілігі осы
кезеңге дейін пайдаланылады. Алайда бұл кезде химиялық терминдер саны жағынан аз, мектеп
көлеміндегі материалдарды ғана қамтыды.
Екінші кезеңде, яғни 1933-1949 жылдарда қазақ тіліндегі химиялық терминдердің молаюы
және әрі қарай жетілуі жүзеге асты, оларға әсер еткен жағдайлар мыналар болды:
1) Әдеби тілдегі ғылыми терминологияның орнын, маңызын, жасалупринциптері мен даму
перспективаларын анықтау мақсатымен республика көлемінде бірсыпыра шаралар іске асты.
Мемлекеттік терминология комиссиясы құрылды. 1935 жылы мәдени құрылыс қайраткерлерінің
бірінші съезінде қазақ тілі және оның терминологиясы жөнінде арнайы мәселе қаралды. Съезд
қарсаңында Мемлекеттік терминология комиссиясының төрт бюллетені жарық көрді. Бұларда және
бұдан кейін жарияланған тіл мамандарының мақалаларында термин сөздердің ерекшелігі, оларды
жасаудың және орыс тілінен аударудың принциптері талданды.
2) Терминологияның теориялық мәселелерімен бірге іс жүзінде қажетекі тілді сөздіктер
құрастыру қолға алынды.
3) Химия терминдерін жасау – химия мамандарының ісі. Сөз болыпотырған кезеңде химиядан
ғылыми дәрежесі және жоғары білімі бар мамандар шықты.
4) Қазақ тілінде химияның тұрақты оқу құралдары жазылды.
Үшінші кезеңде, яғни 1950-1964 жылдарда химиялық терминдер санымолайып, жоғары
мектеп көлемін және химия ғылымын толық қамтитын дәрежеге жетті [21, 6–9 б.], – деп көрсетеді
ғалым өз ғылыми еңбегінде.
Біздің бұған қосарымыз екі дүние,
Достарыңызбен бөлісу: