Қаулы етеді


-тарау. Әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен негіздемелері



бет2/5
Дата26.08.2020
өлшемі22,82 Kb.
#76923
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтік қызметтер туралы

2-тарау. Әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен негіздемелері

       5-бап . Әлеуметтік қызметтердің түрлері
      1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көрсетілетін әлеуметтік қызметтер:
      1) жалпы әлеуметтік қызметтерге;
      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге бөлінеді.
      2. Жалпы әлеуметтік қызметтер өмірлік қиын жағдайдағы адамға (отбасына) ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер түрінде көрсетіледі.
      Жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы әлеуметтік қызметтерді тегін көрсетеді.
      3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер өмірлік қиын жағдайды өздігінен еңсеруге қабілетсіз және мамандардың және/немесе мамандандырылған мекемелердің қызметтеріне мұқтаж адамға (отбасына) көрсетіледі.
      4. Жалпы және арнаулы әлеуметтік қызметтерді халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар бірлесіп бекітеді.
      5. Тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді тізбесі мен көлемін халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар бірлесіп әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

       6-бап . Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін
             негіздер
      Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін:
      1) баланың жетім болуы;
      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
      4) үш жасқа дейінгі балалардың бастапқы психо-физикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
      5) дене және ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты, ағза функцияларының тұрақты бұзылулары;
      6) әлеуметтік маңызы бар аурудың және айналасындағыларға қауіптілік тудыратын аурудың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі;
      8) қатігездік көруі;
      9) белгілі бір тұрғылықты жерінің болмауы (баспанасыздық);
      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет