Қазақ филологиясы кафедрасы



бет35/70
Дата04.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171021
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû
Риторика Платона
Білім жолына қадам
Байдың малын бағып, ауылдың Оспан есімді молдасынан діни сауат ашқан Жиенғалидің білім жолына ден қоюына нағашысы Абдолла Беркінов үлкен ықпал етеді. Жазушының естелік сөзіндегі жаңашыл мұғалім деп отырғаны сол кісі.
«Хұсайния» медресесінде Жиенғали Мұғалжар топырағынан шыққан ұлы тұлға, қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі Құдайберген Жұбановпен бірге оқып, екеуі мызғымас достығы жарасқан жолдас болады. Жиенғалидің білім жолына түсуіне нағашысы Абдолла жәрдем берсе, Жиенғали өзінен бірер жас кіші Құдайбергеннің ғылым жолына шырақ алып шығуына ықпал етеді. Олар бұған дейін Ащықұдықта ашылған «Үміт» мектебінде қатар білім алады. Ұстаз Абдолла Беркіновтің бұл туралы мынадай естелігі бар: «Ащықұдықтан «Үміт» мектебі ашылып, Хұсайын Ашығалиев екеуміз сабақ беріп жүрдік. Бірде орта шаруа Қуан екі баласын ертіп келіп мектебімізге қосты. Үлкені – Құдайберген, кішісі – Ахмет, осы «Үміт» мектебінде алғаш рет қалам ұстап, білім тарауларын ашты. Қуанның екі баласы да зеректігімен көзге түсті. Бір ерекшелігі – үлкені салмақты, ойшыл еді, ал Ахмет – күлдіргі, ұтып сөйлейтін. Құдайберген он төрт жасқа келгенше осы біздің мектепте білім алды. Одан кейін сүйікті шәкірттерімнің бірі – Жиенғали Тілепбергенов екеуі Орынборда «Хұсайния» медресесінде білімін жалғастырады».
Көп ұзамай Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесіне оқуға түскен Жиенғали Құдайберген досынан уақытша ажырап қалады. Бұл 1915 жылдары болатын. Ол медреседе дін негіздерімен қатар, математика, физика, химия, тарих, философия, медицина мен ветеринария негіздері бойынша білім алады.
Садақпен қауышу
Әуелгіде шырқау шабытпен шимақтап өлең жазып, қара өлеңнен ұйқас құрып жүрген қаламгер енді қаламын жазушылыққа қарымдай бастайды. Нақтырақ айтқанда, медреседегі қазақ шәкірттерінің қолға алуымен айына екі мәрте шығарылған «Садақ» қолжазба журналы оны шығармашылыққа шыңдайды. 1915 жылдан бастап жарық көрген журналды шығару ісінің басы-қасында алғашында Бейімбет Майлин жүрсе, журналдың 1918 жылғы ақырғы санына дейін Жиенғали жетекшілік етеді. Медресе шәкірттерін көркем сөз жазуға үйрету, елдің санасын сәулелендіру, ұстаздыққа баулу, халық қазынасымен таныстыру, оқу бағдарламаларын жасау, журнал шығаруға төселдірумен қатар, қазақ шәкірттерінің әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында шығарылған «Садақ» журналына Жиенғалидің әңгімелері, мақалалары, ел арасынан жинаған әдебиет нұсқалары жарияланады. «Сәлемдесу», «Қысқасы қияметке кетпес», «Тұрымтай мен Жағалтай», «Ескерткіштен бір бөлек» секілді тырнақ алды туындыларының тұсауы осы журналда кесіледі. Қаламы ұшталған жазушының шығармашылық дүниелері сондай-ақ, сол кездегі «Айқап», «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» сияқты бетке ұстар баспасөз беттерінде де «Т.Ж.», «Жекей» бүркеме есімдерімен жарық көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет