Қазақ филологиясы кафедрасы


Тақырыбы:ХХ ғасыр басыдағы әңгіме повесть жанрларының дамуы. Б.Майлин. Өмірі. Ақындығы. Дәріс мазмұны



бет44/70
Дата04.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171021
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû
Риторика Платона
Тақырыбы:ХХ ғасыр басыдағы әңгіме повесть жанрларының дамуы. Б.Майлин. Өмірі. Ақындығы.
Дәріс мазмұны:
1. Әңгіме жанрының ерекшелігі.
2. Б.Майлин шығармашылық өмірбаяны, ақындығы.
3. Б.Майлин повестерінің тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: Б.Майлин повестерінің тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік ерекшеліктерін талдау.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобында» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек. Қалам қызметіне ерте араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары – біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.


Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді.
Майлин алғаш рет аул молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімнен доріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912) оқиды.
1913-1914 жылдарда Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектеб інде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды.
Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе-Ғалияның оқуын аяқтай алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек боп Троицк қаласына қайтып оралады да, осы тіста «Айқап» журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше өлеңдер жариялайды.
1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан-коммунист» хткаяты осы газет бетінде жарық көреді.1925 жылы Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында әр алуан қызмет атқарады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді.
Бейімбет Майлин – ақын. Ол әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.
Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай-қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық; ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.
Суреткер – өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір скріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да енжар, бейтарап қарай алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол бәріне араласады. Майлин поэзиясында тег імен түрін автордың өзі белгілеп, «поэма» деп. Ат қойып, айдар таққан шығарма жоққа жақын. Оның оқиғалы ұзақ жырлары сюжетсіз шағын өлеңдерімен ар аралас-құралас бірге жүр. Бейімбет әр алуан тақырыптағы қысқа өлеңдермен, лирикалық һәм сатиралық жырлармен қатар он төрт дастан жазған. Бұларды тақырып жағынан саралап, екшеп қарасақ, бесеуі («Байдың қызы», «Разия қыз», «Қашқан келіншек», «Зәйкүл», «Маржан» ) – әйел теңдігін жырлаған шығармалар«Майдан» - Майлин драматургиясының жон арқасы тәрізді жоталы туынды. Заман тынысын, мезгіл мінезін тамырщыдай тап басып танитын Бейімбет Майлин өзі өмір сүріп отырған ортадағы түбірлі өзгерістердің түп-төркінін, мән-мағынасын тез түсінетін һәм терең түйсінетін. Сондықтан болса керек, ол «Майдан» драмасын 1930 жылы сезімтал, сердек шабытпен шапшаң жазып бітірді де, талантты режисер Жұмат Шанин одан да гөрі шапшаңырақ дайындап, 1931 жылғы 14 көкекте сахнаға шығарды.
Осы ғасырдың оныншы жылдарының орта тұсында (1914-1915) Майлин «Шұғаның белгісін» Б.Майлиннің суреткерлік шеберлігінің ерекше өрнектері осы «Шұғаның белгісінің» бітімінен айқын байқалады. Ол – оқиға желісінің ширақ өрілуі, образдарының айқын даралығы, портрет бояуларының сараң болса да келістілігі, адам психологиясының иірімдерінің терең бейнеленуі, қысқа да мағыналы диалогтар, нағыз халықтық тіл оралымдар. Мұндай сипаттар жазушының кейінгі шығармаларына да дарыған.
Б. Майлин әңгімелерінің тақырыптық шеңбері кең, оларда қазақ даласы өміріндегі түбегейлі өзгерістер әр қырынан егжей – тегжейлі баяндалады. Жазушы көркем әңгімелерінде қазақ даласының революцияға дейінгі жай – күйі, революция жеңісі, ауылдағы тап – тартысы, советтік құрылыс пен мәдениет революциясының табыстары, қазақ еңбекшілерінің сана – сезімінің ояну, жетілу құбылыстары, өмірде, тұрмыста ескі мен жаңаның арасындағы қайшылық, жаңаның мерейінің үстемдігі молынан қамтылып, тереңнен алынып суреттеледі.
Революциядан бұрынғы ауылдағы теңсіздік, қайшылық, кедей шаруаның сүреңсіз тұрмысы, бай мен кедей арасындағы тартыс, қанаушы таптың кедейге мейірімсіздігі автордың «Күлпаш» (1922), «Айт күндері» (1922) әңгімелерінде шынайы әшкереленеді.
Ұлы Октябрь социалистік революциясы қазақ кедейінің таптық санасын оятып, тап күресіне жұмылдырды. «Кедей теңдігі» (1923), «Айранбай» (1924), «Күлтай болысы» (1925), «Шапайдың хаты» (1928), «Ақталған еңбек» (1928) әңгімелерінің бәрінде де осындай шиеленіскен күрес шындығы бейнеленген. Бұл әңгімелердің бәрінде де Совет өкіметі арқасында теңдікке қолдары жетіп, өз өкіметінің ұрандары үн қосқан, оларды іске асыруға жұмылған кешегі жалшы, малай, жарлылар – бүгінгі қадірлі азаматтардың образдары бейнеленген.
Байларды конфискелеу оқиғасын суреттейтін «Сары ала тон» (1928) әңгімесінде бұл науқанды жүргізуде коммунист басшылығы көрінеді. Коммунист Арыстан, малшы Тұтқыш, қазаншы Несібелі, арбашы Қуандықтарды ұйтқы қылып, кедейлерді жиып, конфискелеу туралы өкімет шешімін түсіндіреді, баймен бетпе – бет айқаста кедейлер бірлесе қимылдайды.
Академик – жазушы М.Әуезов: «Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дәуірінде қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады », - деп оның әңгімелерін жоғары бағалады.
Б.Майлин – әңгіме жанрының үздік шебері бола отырып, көлемді повестер және «Азамат Азаматыч» романымен де оқушы жұртшылыққа әйгілі автор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет