Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен



бет13/50
Дата22.04.2022
өлшемі0,72 Mb.
#140464
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Рабочая тетрадь 5-КЛАСС АРМ Урустемова 2019-2020 на распечатку Microsoft Word (1) (1) (1)

Негізгі оқулықтар:
1. Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Даулетбекова, Р.С. Рахметова, А.К. Рауандина «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Бәйшешек». Оқулық 5-сынып.
Қосымша оқулықтар:
1. Қ. Ибрагимов. Қазақ тілі. Талапкерге арналған оқулық-тест.
2. Ш.Б. Бектуров, А.Ш. Бектурова. «Казахский язык для всех». – Алматы:
«Атамұра», 2004.
3. Мерзімді баспасөз материалдары және Интернеттен алынған материалдар.
4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер.
5. Т. Артықова, Г. Ермекбаева. Қазақ тілі 5-сынып. – Алматы: «Атамұра», 2012.



БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ – БҮМ

Пән: Қазақ тілі


Сынып: 5-сынып
Лексикалық тақырып: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Грамматикалық тақырып: Сын есім
Оқытушы: Урустемова Зейне Киргизбаевна



Заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есім қандай?, қай сұрақтарына жауап береді.
Мысалы: ақ, тамаша, ащы, көк.


Дара сын есім бір сөзден тұрады:
Ақ – белый, дәмді – вкусный, сұлу – красивый.


Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады:
Қызыл-сары, қара торы т. б.
Сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.


Түбір сөзден тұрған сын есімді негізгі сын есім дейміз.
Мысалы: әсем, таза, лас т.б.
Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Мысалы: тәртіпті, ақылды, білімді т.б.


Сергіту сәті. «Тізбек» ойыны.
Бір сын есім сөзді бастап айтып беремін. Сол сөздің соңғы дыбыснан бас­талатын сын есім айтып, осылайша жалғаса береді. Мысалы: Таза – адал – лас – суық т. с. с.
Мәтіннен дара сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді бір бөлек теріп жазыңыз.


Бүгін ауа райы тамаша. Далада қар жауып тұр. Айнала аппақ қар. Балалар жылы киім киген. Қыс қызық мезіл. Қыста ауа таза боллады. Біз қысқы дема­лыста серуенге шығамыз.
Берілген сөздерге жұрнақтарды жалғап сын есім жасаңдар. Және оларды қатыстырып 2-3 сөйлем құраңыз.
Қыс, кеш, жаз, күз, биыл, бұрын ( - қы,- кі,- ғы,- гі).
Орман, көл, тау, ақыл (- ды, - ді, - лы)
Көңіл, қызық, тәртіп (- ті, - ді,- ты)
Бекіту кезеңі:
Өз-өздеріңізді тексеріңіз


1. Заттың.........,..... білдіретін сөздерді сын есім дейді.
А) атын
ә) қимылын, іс – әрекетін
б) сапасын, түр – түсін


2. Дара сын есімді көрсет
А) қара торы
ә) әдемі
б) сары ала


3. Сын есім.... және........ болып бөлінеді.
А) дара, туынды
Ә) негізгі, туынды
Б) күделі, негізгі.


4. Туынды сын есім.. жасалады.
а) түбір сөзден
ә) түбір мен жұрнақтан
б) түбір мен жалғаудан


5. Негізгі сын есімді көрсет.
А) ыстық
Ә) ақыл
Б) сауатты
6. Негізгі сын есім.......... жасалады
А) түбір сөзден
Ә) жалғау арқылы
Б) жұрнақ арқылы
Тест жауаптары
1. б
2. ә
3. ә
4. ә
5. а
6. а
Glossary



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет