Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018


 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУҒА ТАРТЫЛҒАН ҰЙЫМДАР



Pdf көрінісі
бет32/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
16.04.20 таңдау пәні тапсырма, KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, БОНУС- АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТЕСТ КІТАБЫ
2.3 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУҒА ТАРТЫЛҒАН ҰЙЫМДАР 
 
20. Қазақстан Үкіметіне жалпы басшылықты Конституцияға сәйкес ішкі және сыртқы 
саясатты айқындайтын Президент жүзеге асырады. Үкімет құрамына премьер-министр 
мен 16 министрлік, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері 
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кіреді. Жоғарыда 5-тармақта 
көрсетілгендей, кейбір мемлекеттік функциялар тиісті министрліктердің кәсіпорындар 
ретінде құрған коммерциялық емес ұйымдарға қандай да бір бәсекелестік сауда-саттық 
жүргізбей жасалатын келісім-шарттар арқылы берілген. Мемлекеттік саясаттың басқа 
бағыттары тұрғын үй және өнеркәсіптік дамуға қаржылық қолдау көрсететін 
"Бәйтеректің" және ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі секторын дамытуды 
қолдайтын "Қазагроның" мемлекеттік кәсіпорындары - холдингтері арқылы іске 
асырылады. Қазақстанның ұлттық жинақ ақшасы Ұлттық банктің валюталық 
резервтерінен басқа, ҚРҰҚ-да сақталады, олар қандай да бір ішкі активтерге жаңа 
инвестицияларды жүзеге асырмайды, және Үкіметтің мұнай өндіруге, көлікке, 
байланысқа, өндіріске және басқа да өнеркәсіп салаларына инвестицияларын 
басқаратын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры. Жекешелендірудің қолданыстағы 
бағдарламасы бар, оған сәйкес жекешелендіруден түсетін түсімдер ҚРҰҚ-на жіберіледі. 
Мемлекеттік басқару секторына сондай-ақ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 


13 
(БЖЗҚ) кіреді, оған барлық жұмыс істейтін азаматтар, "Мемлекеттік әлеуметтік 
сақтандыру қоры" АҚ (МӘСҚ) және жақында құрылған "Мемлекеттік медициналық 
сақтандыру қоры" КЕАҚ (ММСҚ) кіреді. Бұл ретте БЖЗҚ-на түскен түсімдер қазіргі 
уақытта оның құрылғанына салыстырмалы аз уақыт болуына байланысты шығыстардан 
асып түседі 
21. Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы негізгі қызметтерге арналған 
шығыстардың едәуір бөлігі жергілікті билік органдарына жүктеледі: облыстық 
бюджеттерге - медициналық қызметтердің негізгі бөлігіне арналған шығыстар, ал 
аудандық бюджеттерге - мектептерге байланысты шығыстар жүктеледі. Тұтастай 
алғанда, 2016 жылы жергілікті мемлекеттік органдар 9 416,4 млрд. теңгені құраған 
шоғырландырылған мемлекеттік бюджеттен 4 128,2 млрд. теңге шығыстарға жауапты. 
Білім беруге жергілікті билік органдары 669,4 млрд .теңгені құраған жалпы 
шығыстардан 1 312,4 млрд. теңге, жұмсаған, оның 1, ал денсаулық сақтауға - 1 039,6 
млрд. теңге жалпы көлемнен 646,6 млрд. теңге жұмсаған. Жергілікті мемлекеттік 
органдар тұрғын үймен, ауыл шаруашылығымен және көлікпен байланысты жалпы 
шығыстардың едәуір бөлігі үшін де жауапты болады. 
22. PEFA есебіне енгізілуі тиіс мемлекеттік басқару құрылымы бюджетінің толық 
көрінісін ұсыну мүмкін болмады. Орталық үкіметтің республикалық бюджеті мен 
барлық 17 аймақтың (Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда) және 
159 ауданның бюджеттерін біріктіретін мемлекеттік бюджет туралы жиынтық ақпарат 
бюджеттің атқарылуы туралы есептерде қолжетімді. Бұл ретте бірге алғанда 
шоғырландыруды қамтамасыз ету үшін, бюджетті атқару жөніндегі ақпарат орталық 
билік органдары үшін де, ЖАО үшін де жеткілікті беріледі. Бірақ шоғырландыруды 
қолдануға ыңғайлы бастапқы бекітілген бюджеттік көрсеткіштер жоқ. 219 
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (РМК) - мемлекеттік функцияларды 
орындайтын министрліктердің қарамағындағы ұйымдардың қызметі бюджеттің 
атқарылуы жөніндегі есептерден алынып тасталған. Осы органдардың кейбіреулері, 
мысалы, зейнетақы төлеу сияқты таза әкімшілік функцияларды орындайды, бірақ 
басқылары ішінара немесе толық өзін-өзі қаржыландыратын болуы мүмкін. Осы 
органдардың түсімдері мен шығыстарының жалпы көлемі 2017 жылы шамамен 600 
млрд. теңгені құраған (республикалық бюджеттен (РБ) шамамен 7%), бірақ бұл 
органдардың РБ арқылы қандай дәрежеде қаржыландырылатыны туралы 
шоғырландырылған ақпарат жоқ. Мемлекет уәкілеттік берген органдар бақылайтын 
басқа да қызмет түрлері БЖЗҚ, МӘСҚ және ММСҚ қорлары болған: олардың біріншісі 
кемелденуден алыс болғандықтан, қазіргі уақытта оның жылына 500 млрд. теңге таза 
ағыны бар, ал басқа екі қор жалпы балансқа жақын болуы мүмкін. Мемлекеттік басқару 
сондай-ақ жылдық табысы мен шығысы 110 млрд. теңгеден асатын 30 мемлекеттік 
университетті қамтиды. Бастапқы бекітілген бюджет бойынша ақпарат осы 
ұйымдардың ешқайсы бойынша нақты орындалуымен салыстыру үшін қол жетімсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет