тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын белсенді, ұлтжанды патриот азаматты
қалыптастыру. өз ұлтымыздың тарихын қадір-қасиетін танып білген азамат өзге ұлттыңда дәстүрін сыйлауға үйренеді.
Сондықтан өскелең ұрпақтың жүрегіне туған жерге деген ыстық сезім ұялатып, төл мәдениетінің уызына жарытып, таза
мөлдір бұлағынан сусындау үшін ата- баба мұрағатын тарих сабағында пайдалану дәстүрге айналуда.
Тарих материалдарын рет-ретімен тірек-сызба қосымша тарихи деректер арқылы жүйелі меңгерту оқушылардың тарих
пәніне деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденуге өткен тақырыптарды жадында сақтауға негіз бола алады. Өзім
сабақ беретін сыныптардағы оқушылардың өздігінен еңбек етіп ізденуге шығармашылыққа үйретуді үнемі назарда ұстап
келемін.
Оқушы бойында ұлттық намыс, Отансүйгіштік сенім ұялатып, білімді шәкірттер тәрбиелеуге көңіл бөлемін.
Бүгінде оқытудың ең оңтайлы технологияларын тәжірибе елегінен өткізе отырып, өзім дәріс беретін сыныптарға өткізген
қалыпсыз сабақ үлгісін әріптестеріме әдістеме ретінде ұсынып отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: