Мұғалімнің қорытынды сөзі: Бала нені білсе жастан,ұядан,
Өле өлгенше соны таныр қиядан – дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың
саналы тәрбие , білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты босатпауларын
қадағалауларыңызды сұраймыз.
Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаның ісі Мақсаты: Білімділік: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,ұрпақ мәселесі-ол еліміздің
болашағының, ертеңінің қамы үшін өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті үйретіп, бала бойына
сіңіріп отыру керектігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Ата-аналардың коллелжбен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, тиімді модельдерін іздестіру арқылы
ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін арттыру..
Дамытушылық :Студенттер өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікір алмасу, балалардың
дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақтың ой өрісін дамыту.
Сабақтың әдісі Пікіралмасу
Сабақтың көрнекілігі Сызбалар, нақыл сөздер,мониторингтер
. Жиналысқа қатысушылар: ата-аналар, пән мұғалімдері топ жетекшілер, психолог
Ұйымдастыру кезеңі Ата-аналармен сәлемдесіп,түгендеу,ата-аналарды жиналыс мақсатымен таныстыру
4.2 Мұғалім баяндама оқу Бала тәрбиесі баршаның ісі Ой-толғаныс Бала тәрбиесі туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер туралы өз ойларын айту.
Студенттердің ой-пікірлері
Сұхбат бөлімі. Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады. а)Жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою, пікір айту.
Б)Ата-ана туралы жазған студент шығармаларын тыңдау.
В)Ойландырған сұрақтар.
Ата-аналардың құқықтарымен, міндеттерімен танысу, оқушы ережесі туралы әңгімелесу. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі: деген
ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырын аңғарға білейік. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана
болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі –ата-бабаларымыздан қалған асыл да дана
сөздер, яғни небір кереметтің барлығы айтылған нақыл сөздер мен мақал – мәтелдерде екені сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі
жиынымыздың алғашқы бөлімінде айтылар әңгімеміз де осы төңіректе болмақ. (Тақтаға жазылған нақыл сөздер мен мақал-
мәтелдерге байланысты өз ойларын айтады.)
Ой-толғаныс. 21
Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы.
Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек.
Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.