Кофе таяқшалары арқылы өткенді еске түсіру
Қосу кестесі қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін
қажет. Сабақта оқушылар барлық бір таңбалы сандарды
қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып
үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да
кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейін гі
сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді.
Бір таңбалы сандарды қосу нәтижесін жатқа білу керек.
Кіріспе тапсырма.
Бір таңбалы сандарды қосудың
кестесін құрастыру мақсатында жобалық жұмыс
өткіземін. Кесте кез келген уақытта пайдалану үшін
анықтама кітап тү рінде жасалады. Бұл анықтама
кітабына бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу
нәтижесі кіру керек .
Сұрақтарды қою:
— Анықтама кітабында бірінші қай мысал тұру керек? (1
+ 1 = 2.)
— Екінші сан — 1. Бірінші санның орнына қандай бір
таңбалы санды қою керек? (Өсу ретімен 1-ден 9-ға
дейінгі сандар.)
— Егер екінші қосылғыш — 2 болса, бірінші
қосылғыштың орнына қандай бір таңбалы сандарды
қоюға болады? (Өсу ретімен 1-ден 8-ге дейінгі сандар.)
— Анықтама кітапқа ең соңында қандай мысалды
жазасыңдар? (1 + 9 = 10.)
Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топқа қосу кестесінің бір
бөлігін құрастыруды тапсыру. Ол үшін оқушыларға А4
форма тын таратып беремін. Оқушы лар қағазға қосу
кестесінің бір бағанындағы сандыжазады. Барлығы 9
баған. Тапсырманы сыныптағы құрастырған топтарға
байланысты беремін. Мысалы: сыныпта 3 адамнан тоғыз
топ құруға болады.Сонда әр топта қосу кестесінің өз баға
нын құрастыруға болады. Топ тар саны үшеу немесе
төртеу болса, қосу кестесінің үш не төрт бағанын
құрастырады. Қосу кестесіне жоба құрастыру аяқталған
кезде, барлық беттер ді жинап, анықтама кітап жасап,
сыныптағы көрнекі жерге қоямын.
Достарыңызбен бөлісу: