«Тоқтаңдар,тоқтаңдар!Мен сендердің құпия
достарыңмын.Егер менің кім екенімді білгілерің
келсе, менің сұрақтарыма жауап берулеріңді
сұраймын»
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Кәне, бәріміз бірге айтайықшы.
-Қазір күз мезгілінің қай айы?
Күз мезгіліне байланысты тақпақ білесіңдер ме?
(Осы кезде әдемі қораптан Күз Ханшасы шыға
келеді).
Күз ханшасы:
-Жарайсыңдар,балалар!
Сәлеметсіңдер ме?
Сендер өте ақылды,білімдібалаларға
ұқсайсыңдар.Менде сендермен бірге оқу іс-
әрекетіне қатыссам бола ма?
-Күз мезгілі.
-Үш айы бар.
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Қазан айы.
Балалар күз мезгіліне арнап тақпақ айтады.
Алтын сары ,қызыл-көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Оқу іс-әрекетіне қызығушылықтары
оянады,көңіл-күйлері көтеріңкі болады.
-Сәлеметсізбе,Күз Ханшасы!
-Әрине болады.
Достарыңызбен бөлісу: