2-топ:Шығармаға сатылай кешенді талдау; (3минут)
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
Әдеби шығарманың атаауы: «Ананың анасы»
Шығарма авторы: Ғ.Мүсірепов. жазушы, драматург, академик, қоғам қайраткері.
Түрі: Проза/әңгіме/
Тақырыбы: Ананың баласына деген ұлы махаббаты.
Идеясы: Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатының шексіз екенін паш ету, түн ұйқысын төрт бөліп өсірген Ананы
құрметтеу, сыйлау.
Кейіпкерлер бейнесі: Жағымды, жағымсыз.
Портрет деген не? Бейшараның боз көйлегі жырым-жырым, қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара. Ерні жырық-жырық.
Монолог: Менің атым –әйел. Мен мына қыздың анасымын. Анамен атыспайды да, алыспайды да.Нең бар менің
жалғызымда. Кел балам.
Диалог: Ана мен Жалпақ батыр.
Сергіту сәті: Кішкене демалып, ана туралы ән айталық! (3минут)
Жұмысымызды жалғастырамыз!
3-топ: Шығармаға композициялық талдау; (3минут)
Композиция/латынша. Құрастыру, шығарма/-сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан
қиыстырып тұратын тәсілі. Сюжеттің құрылымы болады оны композиция дейді.
Шығарма экспозициясы-дайындығы-молданың оқуы;
•
Оқиғаның басталуы: Әйтілес қарттаың әңгімесі.
•
Оқиғаның байланысы: Ергенекті елін шабу.
•
Оқиғаның шиеленесуі:Жылқышының мерт болуы, қуып келген қыз анасы.
•
Оқиғаның шарықтау шегі:Ана сөзі.
•
Оқиғаның шешімі: Ана мен қызына берілген бостандық.
4-топ: Шығарма кездесетін әдебиет теориясы ұғымдары туралы; (3минут)
Постер, жасаған жұмыстарын қорғайды;
Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу: (Теңеу-заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді)
етектей сақал, күмістен құйғандай ақ сақал, құйған пештей, ұршықтай ойнап, бөкендей бүктетіліп;
Эпитет:( Эпитет-заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суреті сөз) шалқыған шаңқай түс, жалба-
жұлба тері тон, сағал-сағал тері шұбырған, надан молдадан, төрт бұрышы жемірілген ескі тоқым сияқты.
Тұрақты сөз тіркесі: көзді ашып-жұмғанша, терімізге сыймай, қабағымыздан қар жауып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай.
Дисфемизм (зат,құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту): қызы қатынға, қазақтың
қатыны
V.Ой өрбіту:
Мұғалім:Ана деген-құдіретті ұғым, құдіретті күш бар сөз.Кім де болса ана деген киелі сөздің алдын ала да кішірейеді.Небір
мықтылығы мен әлемді ауызына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында тізе бүккен. Ананың аяулы алақаны мен
мейрлі жүрегіне тең келетін ештеңе жоқ демекші, ана біздің өмірімізде қандай орын алады?
Достарыңызбен бөлісу: