Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Жүзу және дене тәрбиесі нұсқаушысы



бет118/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)
2-сабақ
Жүзу және дене тәрбиесі нұсқаушысы
Лауазымдық міндеттері: Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Дене тәрбиесі бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес балаларды оқыту жұмысын жүргізеді. Балалардың жас ерекшегілігін, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды. Оқушыларға дене жаттығуларын орындау дағдыларын үйретеді, олардың рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.
Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралар өткізу барысында оқушылардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетеді. Үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды. Дәрігерлермен бірлесе отырып, оқушылардың денсаулығын бақылайды және физикалық жүктемесін реттейді. Оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Салауатты өмір салтын насихаттайды. Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен тығыз байланыста болады. Белгіленген тәртіп бойынша құжат және есеп беруді жүргізеді.
Жүзу нұсқаушысы: Бағдарламаға сәйкес сабақ жүргізеді. Мектепке дейінгі жасы кішкентай балаларды көп мөлшерлі судан қорықпауға үйретеді (арнайы ойындар, сабақтар), ал орта мектепке дейінгі жастағы балаларға әр түрлі жүзу әдістерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»). Балалардың суда жүзу кезіндегі қауіпсіздігіне толық жауап береді. Медбикемен бірлесіп бассейіннің гигиеналық жағдайын бақылайды. Суға түсу кезінде және жүзудің алдында бассейнді тексеріп, білім алушылардың денсаулығына зиян келтіретін заттарды алып тастайды. Балаларды шешіндіру және душ қабылдау кезінде көмектеседі және оларды гигиена талаптарын қатаң сақтауға үйретеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалайды. Қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулық жүргізеді. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканың, психологияның негіздерін, жас ерекшеліктер физиологиясын, анатомияны, мектеп гигиенасын, спорттық ғимараттарда және снарядтарда сабақ өткізу әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, әр жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін, суда жүзу тәртібін, спорттық шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын; бағдарламалар мен оқулықтарды; оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет