Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет30/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Бөлімше меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады. Жаңа оқу жылына, семестрдің, емтихан сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет