Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет102/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   130
Байланысты:
6. leksia

Берілгендер схемасында байланыстыруға қажет барлық кестелер таңдалып болған соң, осы кестелер өрістері арасында байланыс құруға кірісу керек. Ол үшін бір кестедегі өріс атауын екінші кестедегі оған сәйкес байланысқан өріс атауына қарай тасу керек. Өрістерді тасып болған соң, құрылған байланыстар қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін Байланыстарды өзгерту сұхбаттық терезесі ашылады.Орнатылған кестеаралық байланыс Берілгендер схемасы терезесінде әр кестенің екі өрісінің арасындағы сызық түрінде бейнеленеді. Оның ішінде бір кесте – басты, ал қалғаны бағынышты болып табылады. Басты кесте деп байланысқа өзінің түйінді өрісімен қатынасқан кестені айтамыз. Түйінді өрістің атауы берілгендер схемасында қарайтылған қаріппен көрсетіледі. Кестеаралық байланыстың негізгі міндеті:
1)мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету;
2)мәліметтер базасына қызмет көрсетуді автоматтандыру.
Кесте аралық байланыстардың төрт типі бар:
1)“көбі-біріне”(1);
2)“бірі-көбіне” (1);
3)“бірі-біріне” (11);
4)“көбі-көбіне” ().
Мұндай “көбі-біріне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі бірнеше жазбаға бағынышты кестедегі бір ғана жазба, “бірі-көбіне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты кестедегі бірнеше жазба, ал “бірі-біріне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты кестедегі бір ғана жазба сәйкес келеді.
Берілгендер схемасы терезесінде екі кестені қосушы сызықты ерекшелеп алып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, байланыстың жанама мәзірін ашып, мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету шарттары көрстеліген басқару элементтерін таңдаймыз (15-сурет):

15-сурет. Мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету шарттары.
Мұнда:
*Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности данных) байланысы кезінде басты кестенің түйінді өрісінен мәліметтерді өшіру мүмкін емес;
*Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту (Каскадное обновление связанных полей) және Байланысқан жазбаларды каскадты түрде өшіру (Каскадное удаление связанных записей) байланыстары кезінде басты кестенің түйінді өрісінде жүргізілген өзгерістер автоматты түрде онымен байланысқан кестелерде де жүргізіледі.
Алмасу буфері арқылы ДҚ-да кестелердің көшірмесін алуға болады. Ол үшін ДҚ терезесінде қажетті кесте белгісін жанама мәзірде Көшіру командасын таңдаймыз. Сонан соң ДҚ бос аймағында тышқанның жанама мәзірінде Кірістіру командасын таңдай отырып, Кестені кірістіру сұхбаттық терезесінде кестеге атау беріп, «Тек құрылымы (только структура)», «Құрылымы мен берілгендері (структура и данные)», «Кестеге берілгендерді қосу (добавление данных в таблицу)» параметрлерінің бірін таңдаған соң, ОК батырмасын шертеміз (16-сурет).

16-сурет.Кестенің көшірмесін алу терезесі.
Кестенің мәліметтерін сорттау үшін қажетті өрісті белгілеп алғаннан соң ЖазбаСұрыптауӨсуі (Кемуі) бойынша сорттау (ЗаписиСортировкаСортировка по возрастанию (по убыванию)) командаларынан қажеттісін таңдаймыз.
Кестеден шартты қанағаттандыратын берілгендерді таңдап, жаңа кесте құру сүзгілеу (фильтрлеу) деп аталады. Сүзгілеудің үш түрі бар:
-таңдама бойынша сүзгілеу;
-әдеттегідей сүзгі;
-кеңейтілген сүзгі.
Сүзгіні қолдану алгоритмі мынадай:
1) Кестені ашып, саймандар тақтасындағы Фильтрді өзгерту батырмасын басу керек. Сонда Кесте терезесінде сүзгілеу критерийін енгізуге арналған бос жазба ғана көрінеді;
2) Пайда болған бос жазба өрісінің біріне шарт енгізу керек;
3) Саймандар тақтасында Фильтрді қолдану батырмасын басамыз, сол кезде кестеде сүзгілеу нәтижесі бойынша алынған жазба көрінеді;
4) Кестені қайтадан өз қалпында көру үшін саймандар тақтасындағы Фильтрді жою батырмасын басу керек.
Сүзгілеу шарты күрделі болған жағдайда Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) қолданылады. Бұл терезені ЖазбаСүзгіКеңейтілген сүзгі (ЗаписиФильтр Расширенный фильтр) командасы арқылы ашуға болады (17-сурет).



17-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұхбаттық терезесі.

Бұл терезенің жоғарғы бөлімінде кестенің өріс атауларының тізімі енгізілген терезе көрініп тұр. Төменгі бөлімде өріс атауы ендірілетін ұяшықты шерту қажет. Ашылған тізімнен қажетті өріс атауын таңдаймыз. «Іріктеу шарттары» (Условие отбора) қатарының ұяшықтарына сәйкес өрістерден таңдалатын қажетті шарт өрнектерін енгіземіз. «Сұрыптау» (Сорттау) қатарындағы өріс ұяшығына шертіп, элементтердің сұрыптау типін, ал «Немесе» (или) қатарында ұяшықтардың қосымша шарттарын енгіземіз. Осы әрекеттерді орындаған соң Сүзгіні қолдану командасын немесе стандартты саймандар тақтасындағы (Сүзгіні қолдану) батырмасын басамыз (18-сурет).


.

18-сурет. Қажетті шарт өрнектері енгізілген кеңейтілген сүзгі сұхбаттық терезесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет