Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік, радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
Коммутаторлық байланыс – уақытша байланыс түрі. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.
Интернетке қосылу үшін арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп, модуляцияланып торапқа түседі.
Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады.
Басқа құрылғылар сияқты модемдер де программалық орнатуды қажет етеді. Windows операциялық жүйесінде оны Іске қосуБаптауБасқару панеліҚұрылғына орнату командасының көмегімен орнатады.
Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін: Менің компьютерімЖеліге қашықтан қатынауЖаңа байланыс программасын орнату қажет.
Программаны орнату кезінде Интернет қызметін қоюшы мынадай мәліметтерді алдын-ала енгізіп қоюы керек:
Достарыңызбен бөлісу: |