Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық


Объект – қасиеттер мен әдістердің жиынтығы. Қасиет – объектінің мінездемесі. Әдіс – объект орындай алатын әрекет. Оқиға



бет19/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   130
Байланысты:
6. leksia

    Бұл бет үшін навигация:
  • Класс
Объектқасиеттер мен әдістердің жиынтығы. Қасиет – объектінің мінездемесі. Әдіс – объект орындай алатын әрекет. Оқиға – қандай да бір әрекетке жауап ретінде объект сипаттамасының өзгеруі. Класс – программада объектілердің біркелкі құрылымына негізделген жаңа тип.
Алгоритмдер көрсетімінің әдістері.
Алгоритм - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
Алгоритмдер сипаттамасының, көрсетімінің әдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл, графикалық тіл, алгоритмдік тіл және программалау тілі. Көрсетімнің әр түрі алгоритмдерді сипаттаудың өз орындаушысына бағытталған өзіндік қүралдары бар:

  • табиғи тіл (орыңдаушы - адам) - орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері ;

  • графикалық тіл (орындаушы - адам) - әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок-схемалар);

  • алгоритмдік тіл (орындаушы-адам) - өрекет немесе орындаушыға арналған командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері;

  • программалау тілі (орындаушы-компьютер) – программалау тілінің командалары.

Егер алгоритмдердің жасалу қүрылымын қарасақ, олардың жасалуының үш негізгі түрін атап көрсетуге болады: сызықты, тармақталған, циклдік.
Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу төртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықты деп аталады.
Орындаушының өрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, ол алгоритм тармақталган болып саналады.
Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп саналады.
Іс жүзінде алгоритмдердің көбінде үш қүрылым да болады.
Компьютер, біз білетіндей, сандық, мөтіндік, графикалық, дыбыстық деректерді өңдей алады.
Программалау тілінің командаларымен өңделетін деректер шамалар деп аталады. Шамалар сандық (бүтін, заттық), символдық жөне логикалық болады.Шама атымен, түрімен (типімен) жөне мағынасымен сипатталады.
Мысалы, 25,1.0134, «Мен информатиканы үйренемін» деректеріне ат бере аламыз: 25-ті деп белгілейік, 1.0132-ні В2 деп, «Мен информатиканы үйренемінге» С деген ат меншіктейік.
Осы жерде N-нің мағынасы бүтін сан екенін, В2-нің мағынасы заттық, С-тің мағынасы мәтіндік немесе бедербелгілік екенін атап өтейік. Деректерді компьютер жадында сақтау және кейінгі олар орнын бір мағыналы анықтаумен байланысты, шамаларға немесе деректерге ат берудің басқа да мәні бар.
Деректерді өндеу алгоритмдерінде қолданылатын сөздер — "деректер", "деректер тізімі", "шамалар", "шамалар тізімі", "айнымалылар", "айнымалылар тізімі", "параметрлер", "параметрлер тізімі" — бұлар өзінің мағыналары жағынан бірдей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет