Мәтінді бейнелеу режимдерiнiң батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетiнде орналасады да мына режимдерден тұрады:
- қалыпты режим (обычный режим) батырмасы – бұл көру режимi үнсіздік бойынша редакторға кiргенде бiрден орнатылады. Ол мәтiндi форматтау элементтерiн қарапайым түрде көрсете отырып, беттердi бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процессiн жылдам орындайды. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болмайды;
- электрондық құжат режимi – парақты экранда құжат мәтiнiн оқуды оңайлататын күйге келтiредi. Бұл режимде парақ белгiленбей, әрiптер iрiленiп қатар ұзындығы жол енiнен шықпайтындай етiп бейнеленедi. Мәтiннiң сыртқы түрi қағазға түсетiн бейнесiне сәйкес келмейдi. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болады;
- беттердi белгiлеу (разметка страницы) режимi мәтiн қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтiн режим болып есептеледi, мұнда форматтау, мәтiндi түзету өте ыңғайлы, өйткенi қағаз шеттерi (поля) айқын көрiнiп тұрады;
- құрылым (структура) режимi, мәтiндi түйiндеп құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себептi мәтiн тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкiндiктерiн бередi. Ал оны түйiндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемдi мәтiн өңделгенде, оның белгiлi бiр бөлiктерiн түгелдей жылжытуға, көшiруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртiп болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |