Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Мәметұлы, Мәметов Ахмет (1895-1938)



Pdf көрінісі
бет218/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Мәметұлы, Мәметов Ахмет (1895-1938)
– Алашорда қозғалысының 
қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дәрігер. «Ғалия», «Хұсаиния» 
медреселерінде оқыған. 1912-14 жж. «Кеңес», «Ғибрат» атты өлең 


404
жинақтарын шығарды. Саратов университетінің медицина факультетін 
бітірген. Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының 
алғашқы директоры. Жазықсыз жаламен қамалып, ату жазасына кесілген. 
Оның асырап алған қызы Мәншүк Мәметова – шығыс қыздары арасынан 
шыққан тұңғыш Кеңес Одағының Батыры. 
Мәуленов Сырбай (1922-1993)
– 
ақын.
 
Қостанай обллысы, Жангелдин 
ауданы, Торғай кентінде туған. Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген. 1943-
1950 жж. Қостанай облыстық радиокомитетінде редактор, «Большевиктік 
жол» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951-1955 
жж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 
1957-1961 жж. Қазақ Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Қазақ 
әдебиеті» газетінде бас редакторының орынбасары, 1964-1971 жж. 
«Жұлдыз» журналының, 1955-1957 жж, 1971-1977 жж. «Қазақ әдебиеті» 
газетінің бас редакторы болды. 3 томдық (1982-1984) шығармалар 
жинағы басылыды. Бірнеше өлең жинақтары орыс тіліне аударылған. 
Молдағалиев Жұбан
(1920-1989) 
– ақын, қазіргі БҚО, Тайпақ 
ауданындағы Жыланды ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 
1948-1952 жж. «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты 
хатшы, редактордың орынбасары, 1958-1963 жж. «Жұлдыз» журналының 
бас редакторы қызметтерін атқарды. 1953-1954 және 1963-1971 жж. ҚЖО 
басқармасының екінші хатшысы, 1979-1983 жж. бірінші хатшысы, КСРО 
Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және архитектура 
саласындағы Лениндік, Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің, 
«Новый мир» журналының редколлегия мүшесі болған. 1970 жылы 
«Кісен ашқан» поэмасы үшін Қазақ КСРО мемлекеттік сыйлығын, 
1978 жылы «Қыран дала», «Сел» поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік 
сыйлығын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет