Сыныптан тыс жұмыстың мәні
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру [35].
Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне
кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелікоқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады.
Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |