Турамаеттіңбөлшектенуіншұжықтың кесілген бөлігін мұқият бөлу арқылы анықтайды.
Шұжықшалар мен қысқа шұжықтардың шырындылығын анықтау үшін оларды қыздырылған күйде теседі. Тесілген жерде сұйықтық тамшысы шығып тұруы керек.
Стандарт бойынша дайын өнімге келесі талаптар қойылады:
Сыртқытүрі:батондардың беткі қабыршағы таза, бұзылыстарсыз, дақтарсыз, жабыстырмаларсыз, турама ет ағыстарынсыз, көгерусіз және шырышсыз болуы керек.
Қоюлығы:піскен және жартылай қақталған шұжықтар үшін серпінді, қақталған шұжықтар үшін тығыз болуы тиіс.
Кесілген жердегі түрі: турама еті – біркелкі, қақталған шұжықтар үшін – тығыз, шпик немесе кеудеше бөлшектері біркелкі үлестірілген және куб немесе призма пішініне ие және шпик қырларының белгіленген өлшемдері балқымаған, шпик түсі – ақ, аздап қызғылт түске жол беріледі, турама ет түсі біркелкі, ешқандай дақтар жоқ.
Иісімендәмі:піскен шұжықтар үшін – дәмдеуіштердің аңқыған иісі, дәмі – жағымды, тұздылығы қалыпты; жартылай қақталған және қақталған шұжықтар үшін – қақталудың, дәмдеуіштердің аңқыған иісі; дәмі жағымды, ашты, сәл тұздылау.
Кесте 18.
Ет өнімдерін органолептикалық бағалау үшін біріздендірілген шкала